Шетелде оқыған бала елімізге қандай пайда келтіріп жүр?
Бүгінде шетелде оқитын жастарға ешкім таңданбайды. Еліміз Тәуелсіздік алғалы қаншама жерлесіміз алыс-жақын шетелдерде білім алып жатыр десеңізші! Қазіргі таңда 45 мыңнан астам қазақстандық студент шетелде оқиды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Енді бір дереккөздері бұл көрсеткішті 67 мыңнан астам деп айтып жүр. Қалай болғанда да бұл күндері шетелдік орта және жоғары оқу орындарында оқитын қаракөздер көз қуантады.
Қазақстаннан жырақта кімдер оқиды?
Әлбетте, жалақысымен ғана күн көріп, біреуден ілгері, біреуден кейін отырған отбасының шетелдік оқу орнына баласын оқытуға мүмкіндігі болмайтыны сөзсіз. Сондықтан, нарықтың нар маясын идіріп, жаңа экономикалық қатынастарды өз пайдасына шешіп отырған кәсіпкерлер мен табысы көп отбасы балалары ғана бұл «престижге» қолы жететіні – бүгінгі күннің бұлтартпас шындығы. Еңбекақымен күнелтіп, тапқаны қапқанына бірде жетіп, бірде жетпейтін жанұя үшін отандық оқу орындарының өзі үлкен күшке түсетіні тағы рас.
Сонымен қатар, шетелдік оқу орнының студенті атану – талмай талаптанып, ерінбей оқыған, оқу-білімді қапысыз меңгерген жасқа ғана бұйыратын бақыт. «Болашақ» бағдарламасы аясында екі мыңға жуық, білім және ғылым министрлігінің халықаралық келісім-шарты бойынша 1211 студент шетелден дәріс алуда. Министрліктегілер тек «Болашақ» бағдарламасы бойынша аттанған студенттерімізді қадағалай алатындығын айтады. Сондықтан, Білім және Ғылым Министрлігі «Болашақ» стипендиясының баламасы бола алатын және басқа да халықаралық бағдарламалар бойынша шартты міндеттемелер енгізуді жоспарлауда. «Шетелдегі Қазақстан елшіліктерінің және білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, Ресейдің жоғары оқу орындарында 26 мың 600 қазақстандық азамат білім алып жатыр, оның 19 100 – күндізгі оқу бөлімінде, 1700 – халықаралық келісім-шарт аясында оқуда; ҚХР-да – 9 670, оның 628-і – әртүрлі гранттар бойынша; Ұлыбританияда шамамен 4000; АҚШ пен Чехияда шамамен 1000, Малайзияда шамамен 1500 (Малайзияның көші-қон қызметі мәліметі бойынша – 611); БАӘ – 715; Түркияда – 783; Польшада – 300; қалғандары басқа елдерде білім өресін жетілдіруде» деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстан азаматтарына Ресей, Қытай, Түркия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттердің үкіметі арнайы білім гранттарын ұсынады екен. Министрліктегілер атап өткендей, жас қазақстандықтардың «Болашақ» стипендиясы арқылы, сол секілді Джеймс Вильям Фулбрайт (Fullbright, США), KOICA білім гранты (Халықаралық әріптестік жөніндегі Корея агенттігі), Эрасмус Мундус сынды басқа да халықаралық білім жобалары бойынша шетелден білім алуға толықтай мүмкіндіктері бар.
ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің мәліметтері бойынша, халықаралық келісім-шарттар аясында Қытаймен (100 орын), Египетпен (7 орын), Моңғолиямен (5 орын), Румыниямен (5 орын), Словакиямен (4 орын), Украинамен (40 орын), Беларусьпен (6 орын), Қырғызстанмен (5 орын), Иорданиямен (5 орын), Вьетнаммен (3 орын), Финляндиямен (6 орын), Венгриямен (45 орын) және Латвиямен (6 орын) студенттерді алмастырып оқыту жүзеге асуда.
Қазақстандық жастардың шетелде білім алуға ұмтылуының бірден-бір себебі – ҰБТ-дан бас тарту. Шетелдік жоғары оқу орындары қабылдау комиссияларының ел-елді аралап жүруі де жастардың шетелде білім алуына қызығушылығын туғызуда.
Өз отанынан алыста оқу дұрыс па?
«Тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен» жастардың диплом алғаннан кейін Қазақстанға қайта оралуы – некен-саяқ. «Оның бірден-бір себебі, жастайынан туған жерден жыраққа кеткен балалар бауырмал болмайды» деседі психолог мамандар. Олардың айтуынша, ағайын-туғанның, ата-анасының жанынан ерте кеткеннен кейін, оларды күнде көріп отырмағасын, әрі шетелдегі думанды тірлікке еті әбден үйреніп алған соң оның өз Отанына оралуы қиынға түседі екен.
Азаматтық тұлғасы жаңа қалыптасып келе жатқан жас өскінді шетелге жіберу арқылы еліне, жеріне, ұлтына жаны ашымайтын, өз халқының тілі мен ділін мансұқ ететін нағыз нигилистер сапын көбейтуіміз әбден мүмкін. Өйткені, педагогикада өз пікірі мен азаматтық санасы қалыптасатын шақ 14 пен 23 жас болып саналса, дәл осы жас аралығындағы бозбала мен бойжеткенді шетелге оқуға жіберу дұрыс па? Пенде үшін ең қымбат кезең болып есептелетін жастық шағын, махаббат пен қызыққа толы жарқын сәтерін өткізген жерін адам баласы аңсамай тұрмайды деседі психолог мамандар.
Оны былай қойғанда Америкада оқып жатқан Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың қылмыстық іске қатысы бар деп түрмеге жабылуы да – сабақ болатын жағдай. Жазасын өтеген Азамат елге оралды, ал Диас әлі де үш жыл бойы мұхиттың ар жағында темір торда отырмақ. Немесе, есірткі таратуға қатысы бар деп Қытайдың сотымен өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген Ақжарқын Тұрлыбайды еске алсақ та жеткілікті.
Жат жерде жүріп жетістікке жеткен
Бірақ, осылай болды екен деп шетелде білім алудан қашуға да болмайды. Мәселен, Гүлім Мырзаханованы үлгі етіп айтуға тұрады. Ол 1992 жылы орта мектепті күміс медальмен бітірген. Семей қаласындағы медицина институтын қызыл дипломмен тәмамдайды. Сөйтіп, ол шетелде магистратурада оқуды армандап, Норвегияның Берген университетіне құжат тапсырып, бағын сынайды. Өз білімімен магистратурада екі жыл оқып, медицина саласының магистрі ғылыми дәрежесін алған ол Осло қаласында тұрып жатыр.
Өзінің білікті маман екенін дәлелдей білген Гүлім бүгінде Норвегиядағы ең ірі аурухана Уелеволда қызмет жасайды.
P.S. Дереккөздердің анықтауы бойынша Лондонда бөлме жалдау үшін төленетін ең төменгі ақы – 400 фунт. Лондонның шет жағындағы баға мұндай болғанда, орталықта 600-800 фунттан кем емес көрінеді. Сонда Тұманды Альбионда оқитын бір баланың орталықта, университеттерге жақын жерден бөлме жалдауы үшін жылына, яғни, он айға 8000 фунт кетеді. Бұл – қазақстандықтар үшін қомақты қаржы, үш миллион 200 мың теңге. Оған тамағы мен киімін қосыңыз. Оқу орнына төлейтін ақша өз алдына. Бұдан ұғатынымыз – қарапайым қазақстандық үшін Англияда оқу – айға қол созумен бірдей.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА
Өзін-өзі қорғауға үйренеді
Шетелде бала оқытуға үрке қараудың еш керегі жоқ. Себебі, ата-анасы жанында болмағаннан кейін өзіне-өзі қызмет етіп, өзін қорғауға үйренеді. Сонымен қатар, шетел тіліне жүйрік болады. Бұл баланы ерте есейтіп, жауапкершілік жүктейтіні кәміл. Менің де ұл-қызым шетелде оқиды. Бір ескеретіні, шетелге баланы екінші мамандық алу үшін немесе магистратураға жіберу керек. Өйткені, сол кезде ол тұлға ретінде көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар, елге деген сағыныштан патриоттық сезімі оянады. Мәселен, орыс мектебін бітіріп, Канадада оқыған ұлым бірден қазақша үйренді, Әнұранды жаттап алды, күйлердің, дәстүрлі әндердің альбомдарын арқалап алып кететін…
Айгүл ЕРМЕКОВА,
филология ғылымдарының кандидаты.
Елдің қадірін білдім
Мен Канадада Калгри қаласында оқыдым. Мектеп бітіре салысымен кеткендіктен, көбірек қиналдым. Сондықтан, баланы жастай шетелге жіберуге қарсымын. Бірақ, намысқа тырысып, жақсы оқыдым. Ақша үнемдеуді үйрендім. Ол жерде арқа сүйейтін таныс болмағандықтан өзіме ғана сенуге тура келді. Қазақстанымды қатты сағындым. Мен орыс мектебін бітірген едім. Канадада жүріп, елге деген сағыныштан қазақша үйрендім. Қазақтың ұлттық тағамдары тары, құрт, қазы-қарта, шұбат пен қымыздың қадірін сезіндім. Сондықтан, жоғары оқу орнын бітіргенде «Канадада қал!» деген ұсынысты қабылдамай елге келдім. Қазір Астанада қызметтемін.
Төрехан МИЛАТҰЛЫ.
Осы жылы мені қуантқаны ҚР экс премьер министрі Кәрім Мәсимовпен кездесу болғанда, білім және ғылым министрі Ерлан кенжеғалиұлы былай деген. Біз Боалашак бағдарламасымен оқуға ауылда ә жыл ішінде өз мамандығы бойынша жұмыс жасаған жастарды жібереміз деп айтты
Шет елде оқып келген азаматтар елдің дамуына үлес қоспай жүр деп мен айта алмаймын. Қаншама адам бизнес саласында, саясат саласында, өз мамандығы бойынша жер, мұнай т.б. жерлерде еібек атқарып жүр
Өз отанынан алыста оқыған дұрыспа деген сұрақ келтіріпті. Бұл жерде ше жамандық жоқ деп ойлаймын. Сонынан өз еліне келіп, өз еліне еңбек ететін азаматтар жақсы біліп алу керек
біздің елімізде шетелде оқып келген азаматтарымыз жетерлік. Өз білімдерін арттырып, алға ұмтылып жүрген қазақстандықтар.
«Болашақ» стипендиаты бойынша шетелде білім алуды бала кезден армандаймын. Алайда, ағылшын тілінен білімім аз болғандықтан, жыл сайын конкурстан өте алмай келемін. Дегенмен, шетелде білім алу туралы арманымнан әлі айнығам жоқ.
«Болашақ» жастарының арқасында біз шекарлас көршілерімізден оздық. Ресей мен Өзбекстанға қарағанда экономикамыздың жақсы болуы, шетелге студент жіберіп, сол арқылы олардың тәжірибесін өз елімізде қолдана алғанымыздың арқасында болып отыр.
Я всегда с благодарностью буду говорить о программе «Болашак», которая дала мне возможность самореализоваться, постичь новое, свободно составлять договоры, участвовать в международных сделках, быть еще более целеустремленной, и самое главное — получить бесценный актив, которым может похвастаться не каждый — знакомство и дружба с яркими выпускниками программы, которые дают плоды в виде совместных проектов, приносящих пользу нашей стране.
Программа Болашак создан по сингапурской модели. В Сингапуре лет 40 назад тоже отправляли за рубеж, если не ошибаюсь намного больше трех тысяч человек. И только в лучшие зарубежные вузы. В целом их система была налажена намного совершеннее, отправлялись действительно лучшие из лучших и в лучшие вузы мира. Стипендиаты возвращаясь домой уже знали где будут работать и их вели по карьерной лестнице на госслужбе
Среди болашаковцев есть разные люди, но большинство патриоты своей страны и культуры. Они говорять учится там очень трудно, надо круглосуточно трудиться.
Шетелде білім алып келген жастардың барлығы жоғары еңбекақыға жұмыс істегісі келеді. Әйткенмен, мемлекеттік қызметке тұрғандарға олар ойлағандай еңбекақы төленбейді. Сондықтан шетелден білім алып келгендер ірі компанияларға ауысып кетеді.
Менің Саян деген сыныптасым Ұлыбританияда оқып қайтты. Ол диплом алғанда ондағылар «Бізде қал, осында жақсы жұмыс, тәуір еңбекақы тауып береміз» депті. Бірақ Саян олардың ұсынысынан бас тартып, қазір Алматыдағы университеттердің бірінде сабақ беріп жүр. Әрбір болашақтық Саяндай болсын.
елімізде жақсы мықты бағдарламалар бар. ол студенткеде қатысты. ол мамандарға да қатысты. ол білім жалғастырушыларға да қатысты. мүмкіндіктерді пайдалану керек
Енді барлығымыз да армададыққой шет елде оқуды. Енді менің ойымша жаңа білім жүйесімен біздің қазақстандықтан өз елінен шықпай тап сыондай сапалы білім ала алады
Елімізге пайдалары олар басқа оқу түрімен оқып елімізге тек жақсы жақтарын көрсетіп еліміздің оқу технологиясын одан әрі дамытады дегім келеді
Менде шет елде оқу мүмкіндігі болса оқитын едім жай ғана оқып келмей өзіміздің елдің оқу системасымен салыстрып оқу біткенше еліме бір пайдамды тигізетінди қылып келетін едім жәнеде алдағы уақытта мектеп бітірген сон міндетті түрде шет елде білім алуға барамын
шет елде білім алып жатқан қандастарымыз олар тек қана шет елде білім алмай өз елімізге пайдаларын тигізу мақсатта оқып жатыр
Әрине қаншама жыл шет елде білім алып қайтып Отанға оралып жатқан отандастарымыз елге білім сапасын арттыру мақсатында оқып жатқаны анық
Болашак — уникальнейшая программа, подобной нет нигде в мире. За эти годы болашаковцы проявили себя во всех отраслях жизни страны. Есть министры — болашаковцы, руководители крупных предприятий. Думаю, программа себя оправдала.
На сегодняшний день именно болашаковцы — самые прогрессивные наши граждане. На них возложена большая ответственность — внести в экономику и в общество вообще самые лучшие мировые тренды.
Радует, что программа Болашак не только продолжается, но и расширяется. Это действительно очень хорошая возможность одаренным молодым людям, не имеющим средств на учебу за рубежом, получить хорошее образование.
Выпускники программы Болашак уже сейчас приносят реальную пользу стране. Это в основном креативные с очень хорошим зарубежным образованием молодые ребята. В любом госоргане их сразу зачисляют на ответственные должности.
Казыр болашак степендиясын алу онай болганымен, тек елым деп журген жастарга берыледы, елыне жаны ашыган жастар гана ала алады екен, елыне ертенгы пайдамды тигыземын деп тусуге болады. Былым министрлыгы ардайым кайтарымды инвестиция жасайды.
Я знаю некоторых выпускников Болашак — они такие умныыеее! Не зря удостаиваются такой престижной стипендии!