ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Шет елдерде теріс діни білім алған атыраулық 54 студент елге қайтарылды
Небәрі үш жылдың ішінде дәстүрлі емес діни білім алып келген 54 өңір азаматы елге қайтарылды.
Бұл туралы облыстық дін істері жөніндегі басқармадағы ақпараттық талдау орталығының құқық қорғау органдары үшін ұйымдастырған семинары барысында айтылды.
Тарқатып айтар болсақ, аймақ бойынша теріс діни ағымдармен күрес жұмыстары нәтижесінде, шет елдерден 2015 жылы 27, өткен жылы 17, ал, биылдан бастап он студент үйіне қайтарылған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ