Атырауда 50 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген

img 1640 Жаңалықтар

Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын дамыту және ҮЕҰ-дың мемлекеттік тапсырыстарды орындау сапасы мен тиімділігі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.

Қазір облыста 793 үкіметтік емес ұйым, 18 этно-мәдени бірлестік, 50 бұқаралық ақпарат құралы, 7 партияның облыстық филиалдары қызмет атқаруда. Олар өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.

2017 жылы құрылған Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы қазіргі таңда ҮЕҰ-мен ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жүргізудің бірден-бір тегігі болып табылады. Орталық арқылы 2021 жылдан бері ҮЕҰ арналған «Қолдау» жобасы жүзеге асырып келеді. Жобаға 2021 жылы 1 500 000 тг. бөлініп, 3 ҮЕҰ 500 000 теңге, 2022 жылы 9 600 000 теңге бөлініп, 6 ҮЕҰ 1 600 000 теңге, 2023 жылы 10 800 000 теңге бөлініп, 6 ҮЕҰ 1 800 000 теңге жүлде қорына ие болды.

Орталықтың «Үкіметтік емес ұйым мектебі» жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдар үшін тренингтер мен оқулар өткізіледі.

Жуырда ҮЕҰ арасында «Үздік әлеуметтік жоба-2023» конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпаздар Алматы және Астана қалаларына тәжірибе алмасуға жіберілді.

Ішкі саясат басқармасы белсенді ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның, басқа да институттардың қатарын арттыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын дамыту бағытындағы қызметін жалғастыратын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз