Басқарма басшылары тікелей эфирге шығады

2019 01 31 103243200900 Жаңалықтар

2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы апта сайын есеп беретін болады.

2019 01 31 103243200900

1-ші ақпан 2019 жылы, сағат 18:00 де алғашқы болып жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тналиев Ұлықбек Серікұлы және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Хабиева Нұрлы Тауфихқызы тікелей эфир арқылы есеп беретін болады.

Егер де сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болатын болса, тікелей эфирге қосылып жолдауларыңызға болады.

Есеп беру Атырау облыстық әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Facebook : https://www.facebook.com/AkimatAtyrau

Instagram : https://Instagram.com/akimat_atyrau

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз