Атырауда 5 гектар аумаққа саябақ салынбақ

190816224413636a3557270i Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2019 жыл. «Саябақ «Нұрсая» шағын ауданында салынады. Ол Жастар жылы аясында жастарға арналмақ.

Саябаққа қажетті 5 гектар жер бөлініп қойған. Қазір жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Биыл ол мемлекеттік сараптаудан өтуі керек. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталады деп күтілуде. Бұл туралы Атырау қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі Айбек Жәлелов хабарлады. Осыған дейін бұл аумақ жеке тұлғаға тиесілі болатын. Алайда ол кейін мемлекет иелігіне қайтарылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз