Жаңалықтар
Шашынан сүйреген: Жаңақаратон балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінге озбырлық жасаған
«Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентіндегі балабақшада орын алған оқыс оқиға туралы видеоны Фейсбуктағы «Құлсары жаңалықтары» парақшасы жариялады» деп хабарлайды Atr.kz
«Балдырған» балабақшасында орын алған видеодан тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнеліп, бөбектің жерге құлағанын көруге болады.
Жылыой аудандық білім беру бөлімі, оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. Видеодағы озбыр әрекет иесі — тәрбиешінің қызметтен шеттетілген-шеттетілмегені белгісіз.
Баян Жанұзақова