whatsapp image 2020 06 17 at 13.11.09 2 1

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мақат ауданына барды

Жаңалықтар Медицина

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мақат ауданындағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров жұмыс сапары барысында Доссор кентіндегі ауылдық ауруханада болып, күрделі жөндеуден өткен Мақат аудандық ауруханасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Нұрлыбек Қабдықапаров жұмыс сапары кезінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевпен бірге аудандық аурухананың жедел жәрдем бригадасына жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

whatsapp image 2020 06 17 at 13.11.08
whatsapp image 2020 06 17 at 13.11.10
whatsapp image 2020 06 17 at 13.11.09 1
whatsapp image 2020 06 17 at 13.11.09

– Аурухана жанынан 4 орындық провизорлық стационар бөлімі ашылды. Бұдан бөлек, инфекция жұқтырған адамдарды емдеу мақсатында салынған 10 орындық бөлек ғимаратымыз да бар, – деді аудандық аурухананың директоры Батырбек Оңдасынов.
Қазіргі уақытта Мақат ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркеліп отыр. Үй карантиніне189 адам оқшауланған. Оның ішінде Теңіз кен орнынан келген 51 адам бар.

– Бүкіл әлемді алаңдатып отырған жағдай медицина қызметкерлері үшін оңайға түсіп жатқан жоқ. Соған қарамастан, өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, аянбай еңбек етіп жатқандарыңыз үшін сіздерге зор алғыс білдіремін және келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

«Атырау ӨКҚ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған