Жарнама
БілімЖаңалықтар

Шалғайдан жеткен хат

Жуырда газетімізде «Қазақстан Республикасының үздік педагогі-2016» атанған атыраулық ұстаз Күләш Мұңайтбасова өзіне табысталған 2 миллионнан астам теңгенің бір бөлігін еңбек жолын бастаған Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының Ащысай елді мекеніндегі Н.К.Крупская атындағы және қазір өзі еңбек етіп жатқан Атырау қалалық №10 орта мектепке тарту  ететіндігін хабарлаған болатынбыз.

%d1%88%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d1%85%d0%b0%d1%82

Бірер күн бұрын редакциямызға Ақтөбе облысының Ащысай елді мекеніндегі Н.К.Крупская атындағы негізгі мектеп директоры Н.Каримованың, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Төремұратованың және ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдірген хат келді.

Хатта Күләш Хамитқызы мектепке қажетті заттар мен қондырғылардың барлығын алып бергендігі жазылған (хаттың мәтінін сканерленген нұсқада жариялап отырмыз, — ред.).

«Жуырда «Атырау» газетінің №77 (1 қазан, 2016 ж.) санында біздің Мұңайтбасова Күләш Хамитқызы апайымыз туралы «Атыраудан шыққан Үздік педагог» мақаласын оқып, өте риза болып қалдық. Мақалада айтылғандай, апайымыз алған сыйақысының бір бөлігін біздің мектепке де тарту етіп отыр. Бізге телефон шалып, мектепке қандай құралдар керек екендігін сұрады. Біз  қажетті заттарымызды тізбелеп берген едік.

Күләш Хамитқызы мектепке қажетті заттарды (Ту, Елтаңба, факс-телефон аппараты, елу дана плафон, сыныптардың терезелеріне түсі ашық жасыл жалюздер, музыкалық қондырғы) және 100 мың теңге ақша беріп жіберіпті» делінген.

Хатта сондай-ақ, жомарт жанның игілікті ісін халыққа бірінші болып жеткізген газетіміздің ұжымына шығармашылық табыс тілеген.

Әр ұжым үшін ең маңыздысы — еңбектің бағаланғаны. Көршілес облыстың шалғай ауылынан келген хат біздің де көңілімізді қуантты.

Айта кетсек, үздік педагог өзі білім алған Ақтөбе облысының Жұрын ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектепке де 100 мың теңге ақша аударған екен. Енді қазір өзі қызмет етіп жатқан Атырау қаласындағы №10 орта мектептің материалдық базасын нығайту мақсатында сыйақысының тағы бір бөлігін аударуға ұйғарып отыр.

«Қуаныш бөліссе, көбейеді» дегендей, таяуда  тағы қуанышты хабар жетті. Күләш Мұңайтбасова Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы көшбасшылығы үшін әлемдік педагогиканың негізін қалаушы Ян Коменскийдің халықаралық медалімен марапатталыпты. Бұл — педагогикалық зерттеулер мен инновациялар саласындағы елеулі үлесі үшін берілетін ЮНЕСКО-ның беделді марапаттарының бірі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button