Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

1543918470 1543915734 4kalendar1 Жаңалықтар

Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады.

Egov.kz мемлекеттік порталының күнтізбесіне сәйкес мамырда үш бірдей мереке бар.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

9 мамыр – Жеңіс күні.

Осылайша қазақстандықтар мамыр мерекелерінде төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, оның демалысы 8 мамырға ауысады.

Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Айта кетейік ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз