Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Шалғай ауданның шырайлы шағы

Облыс орталығынан шалғай орналасқан Қызыл-қоға өңірі – кеңес заманында еліміз бойынша ең артта қалған отыз ауданның бірі болатын. Мал шаруашылығын негізгі кәсібіне айнал-дырған бұл өңірде халықтың әлеуметтік-тұрмыстық проблемалары, әсіресе, жол қатынасы, ауыз су, газ желісін жүргізу жайын шешу тек еліміз  Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырда мүмкін болды. Бүгінде 32 мыңға жуық халқы бар, он әкімшілікке бөлінген 25 елді мекен тұрғындарының 92 пайызы «көгілдір отынды», 97 пайызы таза ауыз суды пайдаланады.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b5

Ауданда «қара алтын» мен газдың табиғи бай қорлары анықталып отыр. Мұнда мұнай және газ өндіруші екі, кен барлау жұмыстарымен айналысатын бір кәсіпорын жұмыс жасайды. Тәуелсіздік алғаннан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 37 есеге артқан. Өңірдегі жайылымдар мен  шабындықтар, жерасты су көздері мен су каналдары мал және егін шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндіктер береді. Соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлік кеңінен қанат жаюда.

Тұрмысын түзеген, аймағын түлеткен қызылқоғалықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдық тойына да толымды табыстарымен келіп отыр. Мерекелі жылдың өткен он айында ауданның өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 70 млрд. теңгеге жуықтады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24 млрд. теңгеге артық.

Бұл туралы сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында журналистермен өткен брифинг-те аудан әкімі Мақсот Мұқанов мәлім етті. Аудан бірқатар көрсеткіштер бойынша өткен жылғы деңгейден едәуір жоғары табыстарды еншілеуде. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі был-   тырғы деңгейден – 116,7, тұрғын үй құрылысын салу мен бөлшек сауда тауар айналымы тиісінше 116,7 – 124,7 пайызға артқан.

— Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде бюджеттік салық және басқа да төлемдерден 913 млн. теңге түсіп, жоспар 157,1 пайызға орындалды. Жергілікті бюджеттің жоспарланған 552 млн. теңге кірісі  876 млн. теңгеге жетті. Егер аудан бюджетінің таза кірісі 1993 жылы 665 млн. теңге болса, қазір 1,1 млрд. теңге болды  немесе 62 пайызға өсті, — деді Мақсот Сайполұлы.

Аудан әкімі одан әрі БАҚ өкілдерін аудандағы кәсіпкерлікті қолдау мен оны дамытуда, ауыл шаруашылығында «Агробизнес – 2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында тындырылған шаруалар мен халықты әлеуметтік қорғауда, ауыз сумен, табиғи газбен, тұрғын үймен қамтуда, әлеуметтік нысандар құрылысын салуда атқарылған жұмыстар жайынан хабардар етті.

Бұдан соң журналистер аудан басшысынан өздерін толғандырып жүрген сауалдарға нақты жауап алды.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b52

Сұрақ: — Аудандағы елді мекендердің 52 пайызы ғана таза ауыз сумен қамтылған. Бүгінгі таңда халықты ауыз сумен қамту жайы қалай шешілуде?

Жауап: — Жалпы ұзындығы 257 шақырым болатын магистралды су құбыры арқылы  тұрғындардың 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Қалған бес елді мекенге ауыз су арнайы автокөлікпен жеткізіледі, жетеуі жерасты артезиан құдықтарын пайдаланады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 44 шақырымдық «Тайсойған – Қоныстану – Қосқұлақ» топтық су құбыры күрделі жөндеуден өтті. Тәуелсіздік жылдарында алты топтық су құбыры пайдалануға беріліп, халықты үздіксіз таза сумен қамтамасыз етуге қол жетті.

Жерасты су қорын пайдалану мақсатында Тайсойған, Қарасу қорына жаңадан жеті ұңғыма іске қосылды.

Сұрақ: — Биыл ауданда мал арасында бруцеллез, пастереллез аурулары тіркелді. Бұған қандай шаралар алынуда? Мал иелеріне өтемақы төлеу мәселесі шешілді ме?

Жауап: —  Өткен он айда төрт түлік малдан бруцеллезге қарсы тексеруге қан алынып, 416 бас мүйізді ірі қара, 2694 бас қой-ешкі, 22 түйе бруцеллезге оң нәтиже берді. Ауру анықталған мал сойылып, келісім-шарт бойынша Атырау мен Оралдағы ет комбинаттарына, ет консервілеу цехтарына тапсырылды. Мал иелеріне қазір шығынның 50 пайызын бюджеттен төлейміз, қалған жартысын ет өнімін өңдеуші кәсіпорын төлейді. Аудандық  бюджетте осы мақсатқа 29 млн. теңге қарастырылған. Соны өтемақы ретінде жыл аяғына дейін төлеп болуымыз керек.

Бағым-күтімнің жоқтығынан, көктемгі жауыннан салқын тиіп, «Жасқайрат» ЖШС-нде  биыл төлдеген қойдың қозыларынан пастереллез ауруы шығып, 570 бас қой шығын болды. «Әділ» шаруа қожалығы мен Көздіқара ауылдық округі малына шектеу қойылды. Ауырған малды санитарлық, ветеринарлық талап-   тарға сәйкес бөлектеп, екпе жұмыстары қолға алынды.

Сұрақ: — Келер жылы Индер – Миялы қатқыл табанды автомобиль жолының кұрылысы жал-ғаса  ма? Бұған бюджеттен қанша қаражат бөлініп отыр?

Жауап: — Индер – Миялы – Сағыз автокөлік жолының 150 шақырымы іске қосылды. Миялы–Индер бағытындағы жолдың 40 шақырымына қатқыл табаны төселді. 2017 жылы бұл жолға 5 млрд. теңге қаржы қарастырыл-ған. Екі аралықтың жолы 2018 жылы толық аяқталуға тиісті.

Сұрақ: — Қарабау ауылында мәдениет үйі, балабақша мен фельдшерлік-акушерлік пункті құрылысын салу  жоспарда бар ма? 

Жауап: — Қарабау ауылы – бұрын 1957 жылға дейін аудан орталығы болған үлкен елді мекен. Биыл жазда облыс әкімі ауданның барлық елді мекендерін аралау барысында Қара-бауда 300 орындық мәдениет үйін, 100 орындық балабақша және фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын салу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған байланысты  әлеуметтік нысандар салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптамадан өтті. ФАП-тың құжаттары жасақталу үстінде. Алдағы жылы бұл әлеуметтік нысандар құрылысы басталады.

Ауылдағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Алдағы жылы бұл мәселе де өз  шешімін таппақ.

Сұрақ: — Бұрын Ресейдің әскери сынақ алаңы болған Тайсойған полигонын халықтың игілігіне айналдырудың қандай шаралары алынуда?

Жауап: — Тайсойған ұзақ жылдар бойына Ресей елінің қарамағына жалға беріліп келгені белгілі. Аудандағы 2,5 млн. гектар жердің үштен бір бөлігі сынақ алаңының еншісінде болатын. Ресей мен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өкілдері мемлекетаралық келісімге сәйкес, Республика Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде күні бүгін 749 мың гектар жалға берілген полигон жерінің тек 125 мың гектары қалып отыр. Қазір кезінде сынақ болған полигоннан босаған жерлерден топырақ сынамасы алынып, зертханалық тексеруге жіберілді. Бәрі дұрыс болса, жерасты суы жақын бұл шұрайлы өңірден жылына 100 мың тоннаға дейін мал азығын дайындауға, сөйтіп, мал шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал өсіруге мүмкіндік туады.

Сұрақ: — Миялы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде не айтар едіңіз?

Жауап: — Жангелдин ауылындағы Миялы орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Бірақ, аталған мектептің төртінші блогі он жылдан бері жарамсыз күйде болатын. Қазір жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Тендер жарияланды, жеңімпаз жуық арада анықталса, орнына жаңа блог салынады.

Сұрақ: — Облыс орталығындағы тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін ауданға жеткізу үшін облыс әкімі «Кам-АЗ» автокөлігін сатып алуды тапсырған болатын. Бұл мәселе қалай шешілуде?

Жауап: — Аудан орталығы Атыраудан үш жүз шақырым қашықтықта орналасқан. Тұрақтандыру қоры арқылы бөлінген азық-түлік, басқа да тамақ өнімдерін жеткізуде біраз қиындықтар болды. Соған байланысты аймақ басшысы арнайы көлік сатып алуға  тапсырма берген-ді. Тиісті қаржы да бөлінді. Бірақ, қазіргі нарықтағы бағаның тұрақты болмауынан бөлінген ақша «КамАЗ»  көлігін сатып алуға жетпей қалды. Себебі, арнайы техниканы сатып алу лоттары республикалық тендер бойынша өтеді. Бұл мәселе енді келер жылы шешіледі. Әзірше Миялыдағы жеке кәсіпкердің бір мың тонналық қоймасы арқылы сегіз округ халқына күнделікті азық-түлік тауарларын өз күшімізбен жеткізіп беріп отырмыз.

Облыс әкімінің тапсырмасы және оның орындалуы:

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев  Қызылқоға ауданын аралау сапарында  22 нақты тапсырма берген болатын. Күні бүгін соның 11-і орындалып, қалғаны бақылауға алынған. Сонымен…

— Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек ауылында 60 орындық бастауыш мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжатын дайындау жүргізілуде. Жобалау толық аяқталған соң мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.

— Мұқыр ауылдық округі бойынша сыртқы жарнаманы қалпына келтіру мақсатында 15 баннер ілініп, қалпына келтірілді.

— Мұқырда жанұялық-дәрігерлік амбулаторияның сметалық құны 84,6 млн. теңге. Мердігер «Қарасайстройсервис» ЖШС тарапынан қазан айында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, анықтал-ған ақаулар қалпына келтірілді.

— Аудан бойынша жетіспейтін дәрігер кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде аудандық орталық аурухана тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасына  тиісті ұсыныстар жолданды.

— Сағыздағы №9 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу мақсатында  тиісті құжаттар жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Жоба құны – 200 млн. теңге. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылға жоспарланған. Мектептің ескірген мүліктерін ауыстыру мақсатында 200 парта және 30 тақта алынып, орнатылды.

— Сағыз бөлімшелік ауруханасы рентген аппаратымен қамтамасыз етілді. Ғимаратты күрделі жөндеу жұмысы басталды.

— Миялы орта мектебінің сынған кафелін, төбе шатырын, есік-терезелерін ауыстыру  жұмыстары  толығымен орындалды.

— Ойыл ауылдық округіндегі Ш.Еркінов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмысының барысы  бақылауға алынып, сапалы аяқталды.

— Осы ауылдағы мектеп интернат ғимаратының төбе жабындысы ауыстырылды.

— Тасшағыл ауылында мәдениет үйі ғимараты құрылысын салу үшін жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Бақытжан ЖҰМАТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button