Шәкір Кейкин Мақат ауданын басқарады

img 20190916 wa0028 Жаңалықтар

Atr.kz/17 қыркүйек, 2019 жыл. Шәкір Кейкин бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасаған. Кеше облыс басшысы Нұрлан Ноғаев жаңа басшыны Мақат ауданының активіне таныстырды.

Шәкір Кейкин Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1993-2008 жылдар аралығында Жылыой ауданының түрлі коммерциялық құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет істеді.

2008 жылы Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2009-2018 жылдары Құлсары қаласының әкімі болды. 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап  Атырау қаласы әкімінің орынбасары.
Актив жиналысында жаңа әкімді таныстырған өңір басшысы Ш.Кейкинге Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

img 20190916 wa0026
img 20190916 wa0029
img 20190916 wa0027
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз