Асың адал ма, А Ғ А Й Ы Н ?

53091 6 1 ru Жаңалықтар

 Atr. kz / 19 – ақпан. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша,  өткен жылы республикада тағам түрлеріне жүргізілген лабораториялық тексеріс нәтижесінде 9740 мәрте ережеден ауытқушылық анықталған.

Соның дені, яғни 69 пайызы, өнім өндірушілердің сұрыптау тәртібін сақтамауы салдарынан орын алған. Қауіпсіздік талаптары бұзылуы – 29,5 пайыз. Сонымен қатар, көрсетілген құрылымы мен физикалық-химиялық құрамы бұрмалануы 7,2 пайызды құрапты. Бір қарағанда, онша көп емес тәрізді. Бірақ, сорақысы сол – бұған дейін халал ретінде сатылып келген шұжыққа шошқа майы қосылуы. Имандылыққа бет бұрып, бес уақыт намазды парыз санап жүрген жұртқа мына мәлімет тас төбесінен салқын су құйып жібергендей әсер етті. Сонда, осы тағамды сатып жүргендердің өздері де мұсылман емес пе?

53091 6 1 ru

Атыраудағы сауда орындарында да қалалықтарға халал тағамдарын ұсынып жүргендер бар. Сатушылар «өзіміз де отбасымызбен осыны жейміз» дейді. Рас па, жоқ па – оны кім білген, бірақ, алушылар жылы жүзді сатушыға сенеді. Енді еліміздің бас денсаулық сақшысы жоғарыдағыдай мәлімдеме жасаған соң аймақтарда халал атымен сатылып жүрген тағамдарға тексеріс жүргізіле ме? Әлде біреуіміз уланғанша шөптің басын қимылдатпаймыз ба?

Адалдық – Алланың аманаты. Мұсылман қандай әрекет істесе де арамдыққа аяқ баспауы шарт. Құранда да саудагердің сатып тұрған нәрсесінің кем-кетігін жасырмауы тиістігі айтылған. Алушы оны білуі керек. Соған сәйкес бағасы белгіленеді, оған екі жақ та ризашылық танытады. Ал, арам асты халал ретінде сату – ардан аттаушылық. Бұдан соң жұрттың адалдыққа сеніміне селкеу түспей ме?

why is fast food addictive

Жалпы, бұған дейін де көпшілік арасында халал тағамдардың жай ғана көзбояушылық екендігі, шұжыққа шошқа майы қосылатындығы айтылып қалатын. Енді бұл сөз Денсаулық сақтау министрінің аузынан шыққан соң сенбеске амал жоқ. Кейбір адамдар қазірдің өзінде бұл өнімнен мүлдем бас тартуды шешіпті.

Халыққа сатылып жатқан сүт өнімдері де талапқа сай емес екен. Оның майлылығы көрсетілген мөлшерге сәйкес келмейтін көрінеді. Ақ адал сүтке де қиянат жасалғаны ма? Көпшілік бұған да әуелден күмән келтіретін. Су қосып жіберетінін айтатын. Демек, рас болғаны ғой.

Майдан СЕРКЕБАЕВ. 

2018 жылғы 16 қазанда Теңіз кенішінде 28 адам астан уланды. Олардың бәрі «Монтажспецстрой» мекемесінің құрылысшылары. Бұған  санитарлық нормалардың бұзылуы себеп болған.

2016 жылғы маусымда Атырау темір жол вокзалы маңындағы «Смак» дүңгіршегінен донер-кебаб тағамын алған адамдар уланған. Кейін белгілі болғанындай, олар сол жердегі шаштараз қызметкерлері екен.

Сол жылғы 17 маусымда Жылыой ауданындағы 468-бекетте вахталық әдіспен істейтін жұмысшылар жаппай уланды. Себеп – тазалық талаптарының сақталмауы.

(Толық нұсқасы «Атырау» газетінің №13 санында)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз