
Шәкір Кейкін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Atr.kz/26-ақпан, 2019 жыл. «Атырау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкір Кейкін қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды» деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз- қызметі.
Бүгін, 26 ақпан күні кезекті аппараттық жиын барысында қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы осы уақытқа дейін Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарған Шәкір Кейкінді қала әкімінің орынбасары етіп тағайындады.

Фото — Атырау қаласы әкімінің баспасөз- қызметі
Кейкін Шәкір Кейкінұлы 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтаған.
1993-2008 жылдары Жылыой ауданында әр түрлі салаларды басшылық лауазымдарды атқарған. 2008-2009 жылдары Жылыой ауданы, Қосшағыл селолық округі әкімі,

Фото — Атырау қаласы әкімінің баспасөз- қызметі
2009-2018 жылдары Жылыой ауданы, Құлсары қаласы әкімі болып еңбек еткен.
2018 жылдың қазан айының 23 нен бастап күні бүгінгі күнге дейін Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарған.
2019 жылдың 26 ақпанынан бастап Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.