the creation of the internet portal

Келесі жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылады

Жаңалықтар

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл.  Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады.

Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құралдарына және арнаулы қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алатын әлеуметтік қызметтер порталы.

            Портал инватакси қызметтерінен басқа бес процесті цифрландыруды көздейді. Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің, санаторлық-курорттық емделу қызметтері бар. Мүгедектерді оңалту құралдарына протездік-ортопедиялық,  сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ,  арбалар жатады.

Бүгінге дейін жеке оңалту бағдарламасындағы берілген заттар жергілікті атқарушы органдар арқылы алынып келсе, ендігі уақытта жаңашылдық арқылы кезең-кезеңімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүгедектігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік қызметтер мен оңалту құралдарының 55 түрінің 24 түрімен қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады.  Техникалық оңалту құралдарының қалған 31 түрі 2020 жылдың шілде айына қарай кезең-кезеңімен енгізіледі. Осыған орай, мүгедектігі бар тұлғалар үшін электронды цифрлық қолтаңба міндетті түрде алу керек.                                                        

       Порталды енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ, жеке қажеттіліктерді, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, атқарылып жатқан істердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Мұндай бастама жемқорлық фактілерін болдырмауға өз септігін тигізбек.     

         «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартудың Ұлттық жоспары аясында көзделген. Аталған ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдаланады. Бұл іс болашақта тұрғындарға мобильдік қосымша ретінде де қолжетімді болмақ. Үздіксіз қамтамасыз етуде оңалту тауарлары мен қызметтері портал және Мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетіледі. Электронды форматқа толық көшу 2021 жылдан бастап жүргізіледі.

Динара АМАНҒАЛИЕВА,

 Еңбек, әлеуметтік және көші-қон комитеті  Атырау облысы бойынша департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік

сараптама бөлімінің бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған