
ЖаңалықтарҚоғам
Үш дөңгелекті велосипед
Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында Ғ.Сланов атындағы орта мектепте арнайы шара өтті.
Аталған шараны ұйымдастырудағы мақсат – келешектің қуатын айқындай түсетін жаңа жобалардың ашылуына ұйытқы болу, оқушыларды іскерлікке, ойлау қабілетін жетілдіруге дағдыландыру, ең бастысы – еліміздің гүлденуіне үлес қосу. Көрмеге оқушылардың өздері жасаған әртүрлі макеттері қойылды. Мұнда 9 сынып оқушысы Жайлым Еркінбек құрастырған үш дөңгелекті велосипед пен 10 сынып оқушылары жасаған «Тайсойған» сүт зауытының макеті келушілердің көңілінен шықты.
Мейрамгүл НҰРМҰХАНОВА,
мектеп тәлімгері,
Қызылқоға ауданы.