Атырауда көкөніс бағасы төмендеуі мүмкін

20170708152239 Жаңалықтар

2017 жылы Атырау облысының әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен суармалы су текше метріне субсидиялау ставкасын 50-ден 85%-ға ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді, бұл өңірдің фермерлеріне қуанышты жаңалық болды, деп хабарлады облыстың өңірлік коммуникация қызметі.

20170708152239

Облыста суармалы судың текше метрінің бағасы өзіндік құны бойынша басқа өңірлерге қарағанда жоғары, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жайсыз болған еді, мемлекет басқа өңірлердегі сияқты 50 пайызын төлеп келген. Уағдаластықтан кейін 2018 жылы облыс үшін суармалы суды субсидиялау ставкасын 85 пайызға көтеру шешімі қабылданды.

20170708155928

– Бұл шынымен де керемет жаңалық болды, өңірдің климаттық жағдайына байланысты 50 пайыз су шығынын жаппады. Бізде басқа облыстарға қарағанда қымбат, – деді «Агро Феликс» шаруа қожалығының басшысы Енисей Юн. – Президент экономиканы әртараптандыру қажеттігін атап өтті. Біз нақты шешімдер қабылданып жатқанына қуаныштымыз. Келесі жылдан бастап егіс алаңын ұлғайтамыз деп отырмыз, себебі субсидия 85 пайызға артады. Сондай-ақ әріптестерім соңғы тұтынушыға көкөніс бағасы да арзандайтынын айтуда. Судың арзан, қолжетімді болғанынан барлығы да ұтады.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз