Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов қоғам қайраткері Рашиля Мурсалиеваны мерейтойымен құттықтады

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегері, Атырау облысының «Құрметті азаматы», қоғам қайраткері Рашиля Мурсалиеваны қабылдап, мерейлі 75 жасымен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Серік Шәпкенов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында қолтаңбасын қалдырған Рашиля Мурсалиеваға жылы лебізін білдірді.

— Мемлекеттік қызметтегі тәжірибеңіз жастарға өнеге жолына ұласты. Қазіргі таңда әлеуметтік салалар бойынша кеңес беріп, қоғамның дамуына үлес қосып келесіз. Мерейлі күні Сізге ерекше ілтипатымды білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасы бақыты мен шаңырақ шаттығын тілеймін. Әулеттің ырыс-құты арылмасын, — деді С.Шәпкенов.

Рашиля Мурсалиева жаңа жасымен құттықтап, аға буын өкіліне құрмет көрсеткен облыс әкімі Серік Шәпкеновке алғысын жеткізді.

— Өмірімнің саналы кезеңі мемлекеттік қызметте өтті. 37 жыл осы салада жұмыс істеген еңбегімді бағалап, мемлекеттік қызметтің ардагері деп ескеріп, бүгін облыс әкімі мерейтойыма орай қабылдады. Өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан аға ұрпаққа көрсеткен осындай қошеметіне шын көңілмен ризашылығымды білдіремін. Осы сәтті пайдаланып, менің еңбегімді бағалаған Атырау жұртына үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, -деді Р.Мурсалиева.

Кездесуде отбасы құндылығы, кадр дайындау сынды тақырыптарда әңгіме өрбіді.

Рашиля Қабиқызы Мурсалиева алғашқы еңбек жолын Жангелдин аудандық комсомол комитеті мектеп бөлімінің меңгерушісінен бастаған.

Комсомол және партия комитеттерінде қызмет атқарған.

Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің директоры қызметінде болды.

1999-2006 жылдар аралығында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2006-2008 жылдар аралығында облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры қызметінде жүріп зейнетке шықты.

2010 жылдан бастап «Теңіз мұнай құрылысы» ЖШС президентінің кеңесшісі.

2008 жылдан бастап Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button