Атыраулық «жасылелдіктер» 180 текше метр қоқыс шығарды (+ФОТО)

69153039 747975548970447 5280507289357254656 n Жаңалықтар

Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. 1 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін «Жасыл ел» жасағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ, 25-тен астам экологиялық акция ұйымдастырып, облыс аумағынан 180 текше метр қоқыс шығарған, содай-ақ, 9 мыңнан астам ағаштарды суарып ретке келтірді.

Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында 2 000-нан астам сарбаз қала мен облыс аудандарының аумағындағы 1467 гектар жерді тазалады. Бұдан бөлек, күзгі маусымда «Жасыл ел» сарбаздары мұнайлы өлкені көгалдандыру бойынша кең ауқымды жұмыстарды жоспарлап отыр.

– «Жасыл ел» жасағы 1 маусымнан 31 қазанға дейін жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта жастар елдімекендерді абаттандыру, жасыл желектерді күту, суару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлығы 2 200 сарбаз бар, олардың 199-і күзгі маусымда жұмыс жасайтын болады. Жастар көшеттерді отырғызу бойынша еңбек етеді, – дейді «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының басшысы Абылай Құрметұлы.

«Atr-Ақпарат»

69240102 747992005635468 3027474356201586688 n
69060855 747991965635472 518385935398731776 n
68879384 747992098968792 5449494216432418816 n
69515284 747991945635474 2027083383842013184 n
68896366 747992052302130 2436140282475970560 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз