Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов облыс тұрғындарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!
Қазақстанның Қарулы күштері – ел қорғанысын қамтамасыз етеді, мемлекеттің негізі.
Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Отан қорғаушы ұғымы ерекше мәнге ие болды.
Олардың бойынан отансүйгіштік қасиет пен өз халқына аянбай қызмет ету үрдісі, намыс пен ерлік, патриотизм мен батырлық көрініс тауып келеді.
Көктемгі өр суының тасуына орай болған алапат апат жағдайға байланысты облыста жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Құтқару жұмыстарына Қарулы Күштердің ресурстары жұмылдырылды. Ел Президентінің пәрменімен табиғи апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігінің қосымша әскери күштері жолданды.
Уақытпен санаспай жанкешті қызмет атқарған барлық әскери қызметшілерге шын жүректен алғыс айтамын!
Тәуелсіз мемлекетімізді көздің қарашығындай сақтау – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.
Халқымызға қорған айбынды азаматтарымыздың рухы асқақтап, қашанда ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болсын!
Игі тілекпен,
Серік ШӘПКЕНОВ,
Атырау облысының әкімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button