
Жаңалықтар
Серік Шәпкенов Мақатқа барады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 19 желтоқсанда Мақат ауданына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 11:00 – Мақат аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі.
Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Мақат ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (71239) 3-02-76