Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

СЕРГЕКТІККЕ үйреткен «СЕРГЕК»

Б ы л т ы р А т ы р а у д а і с к е қ о с ы л ғ а н « С е р г е к » б а ғ д а р л а м а л ы қ к е ш е н і жүгенсіз кеткен жүргізушілерді тәртіпке шақырып, жол ү с т і н д е г і м ә д е н и е т т і қалыптастырғандай болды. Мұны құқық қорғау қызметінің өкілдері де растайды. Себебі, бейнекамералардағы бүкіл ақпарат бірден Жедел басқару орталығына түседі. Бұл полиция үшін жағдайды бағалау және қажет болған жағдайда жедел шараларды қолдануға мүмкіндік береді.


– Бүгінде қаладағы 700-ден астам бейнекамераны Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы қадағалап отырады. Бірнеше шолу және бекіту камераларынан тұратын бұл аппараттық-бағдарламалық кешендер 153 желілік жол учаскесінде және 51 қиылыста орнатылған. Бұрын орнатылған бейнекамералармен біріктірілген «Сергек» жүйесінің арқасында тәртіп сақшылары тек жол бойындағы көліктерді емес, аулалар мен басқа да қоғамдық орындарды бақылай алады. Атырауда биыл жыл басынан бері бейнекамераның көмегімен 5500 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әсіресе, көшеде, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу немесе масаң күйде жүру, шылым қалдығын, қоқыс қалдыру, жасыл желекті бүлдіріп, карантин режиміне қатысты шектеулерді орындамау, басқа да тәртіп бұзулар жиі болды, – дейді орталық бастығы, полиция подполковнигі Асқар Атамқұлов.

Қала әкімдігіне қауіпсіздік шарасын қамтамасыз ету мақсатында жаңа шағынаудандар мен көп қабатты үйлердің бейнекамерамен толық қамтылуына ұсыныс берілген. Жыл басындағы жаңашылдық – «Police 102» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Құқық бұзу дәйегіне шұғыл әрекет ету мақсатындағы жаңа сервиске тұрғындардан барлығы 32 хабарлама келіп түсіпті. Мұның міндеті – полицияны халыққа жақындата түсу және қолжетімді ету. Қосымшаның көмегімен енді әрбір адам жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпаратты Жедел басқару орталығының операторына оқиға орнынан тікелей аудио немесе бейнеқоңырау шалу арқылы хабарлай алады. Мамандардың айтуынша, бұл операторға болып жатқан оқиғаларды көруге және тиісті ден қою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Д е м е к м е м л е к е т т е г і цифрландырудың игіліктері – «Сергек» жүйесі және сервистік қосымшалар қоғамдағы тәртіптің орнауына ықпал етеді. Әйтеуір, біздің редакцияға қоңырау шалған көлік жүргізушілері ««Сергек» қауіпсіз қоғам құрып, көпшіліктің мәдениет пен тәртіпке үйренуіне себепші болды» дейді. Ал, «Сергек» жүйесін әзірлеуші – «Көркем Телеком» компаниясы жаңа технологияның тиімділігіне маңыз береді.

– Б іздің маман дар п ол и ц и я жұмысының тиімділігін арттыру үшін олардың мобильдік планшеттеріне а р н а л ғ а н фу н к ц и я н ы ә з і рл ед і . Мысалы, «Бағдарлау» қосымшасы «Сергек» жол камералары арқылы іздеудегі көліктерді автоматты режимде қадағалап отыруға және бірнеше шақырымдық радиуста қауіпті құқық бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Сергек» жүйесімен мобильдік қосымшаны интеграциялаудың арқасында полиция қызметкерлері айыппұлдарды тексеріп, көлік құралдарын тоқтату кезінде нұсқамаларды жаза алады, – деп түсіндірді «Көркем Телеком» компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Әсел Қожахметова.

М а ма н д а р « С е р ге кт і ң » жол жүру ережелерін бұзуды тіркеу ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға да арналған жүйе екенін айтады. Былтыр Жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекшіинспекторларымен 3492 қылмыс әшкереленген. Таяуда сондай оқиғаның бірі «Авангард» шағынауданында болды. Қалалық полицияға үйдің алдында тұрған «Skillmax» маркалы велосипедінің ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары сол маңайда орналасқан «Сергектің» көмегімен күдікті азаматты анықтайды. Сонымен қатар, «қырағы көзден» жол қозғалысы ережелерін бұзғандар да тыс қалмайды. «Талдау көрсеткендей, қаладағы бейнекамералар орналасқан ау м а қ т а р д а т і р ке л е т і н қ ұ қ ы қ бұзушылықтар саны азайды» дейді мамандар. Десек те, қоғамдық тәртіпті қорғау ісінде ең үлкен жетістікке халықтың құқық қорғау органдарымен тізе қосып белсенді әрекет етуі арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан, тәртіп сақшылары «тұрғындардың қылмыс пен құқық бұзушылық туралы дереу хабарлауы оны дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретінін» айтады.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button