Атыраулық депутат жалғызбасты әкеге баспана сыйлады

Deputat syiyla an y Жаңалықтар

Атырау өңірінде де «Атымтай жомарттар» аз емес. Осындай жанның бірі – «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық фракциясының мүшесі Әлібек Семғалиев.

Депутат сыйлаған үй

Бұрыннан да қайырымдылық шараларын атқарып жүрген қалалық мәслихат депутаты қасиетті Рамазан айының ішінде шынайы мұқтаж адамға қол ұшын беруді ойластырыпты. Тағдыр тәлкегімен тұрмыс жағдайы нашарлаған бірнеше отбасымен таныса келіп, жуырда баспанаға аса мұқтаж азаматтар санатына жататын, төрт баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке Қайрат Алипановқа «Нұр Отан» партиясының «20 қайырымды іс» акциясы аясында тұрғын үй кілтін табыс етті.

Бүгінге дейін таныстарының шағын үйінде (времянка) тұрып келген отбасы енді Атырау қаласындағы «Химпоселек» ауылының тұрғындары болмақ. Көп балалы әкеге баспана кілтін табыстау шарасына Қайрат Алипанов аула сыпырушысы болып жұмыс істейтін №27 және №17 балабақша ұжымының қызметкерлері, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиев, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенов арнайы келді. Болашақ тұрғын үйіне оң аяғымен кірген баспана иесіне жиналғандар ақжарма тілектерін білдірді.

Ал, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбер-генов өз атынан жұмсақ жиһаз сыйлайтындығын жеткізді. Баспаналы болған отбасы балалары сыйлыққа ерекше шаттанып, мәз-майрам болды. Олардың үлкені Асылай – 17, Шаттық – 15, Нұртас – 6, кішісі Дулат 3 жаста екен.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз