СТАМБУЛДАҒЫ СЕПАРАТИСТІК АКТ

Стамбулда орныққан оппозициялық және революциялық күштердің Ұлттық коалициясы Сирияның солтүстік-шығысында күрдтердің азаматтық әкімшілігін құру жөніндегі шешімді шұғыл айыптады.

Нахарнет ақпарат агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, Батыс Күрдістанда бұлайынша автономиялық билікке ұмтылу жоспары «Сирия революциясына қарсы бағытталған сепаратистік акт» ретінде бағаланып отыр. Сөйтіп, олар Сирияның күрдтер мекендейтін аймақтарында өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру бастамасымен алаңға шыққан күрдтердің демократиялық одағы партиясын президент Башар Асадтың режимін қолдайтын жаугершілік күш тұрғысында таниды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз