«Сергек» арқылы 32 млн 367 мың 032 теңге айыппұл салынған
Былтыр Атырауда іске қосылған «Сергек» бағдарламалық кешеніне қатысты қоғамда негізінен екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі оны «қалтаны қағатын құрылғы» десе, келесі тарап «жол-көлік оқиғаларын азайтып, жүргізушілерді тәртіпке шақыратын құрал» деген ұстанымда.
Дегенмен, қырағы бейнебақылау кейбір жүгенсіз кеткен жүргізушілерді тезге салып, жол үстіндегі мәдениеттілікке үйреткені рас. Осы орайда қоғамдағы қауіпсіздік, адам өмірі мен «қалтаға соғатын» айыппұлды таразылап, «Сергектің» қызметін саралағанды жөн көрдік.
БАЙҚАҢЫЗ, БЕЙНЕКАМЕРА!
«Көркем Телеком» компаниясының өкілдері «Сергек» кешені туралы толығырақ айтып берді. «Сергек» – жол жүру ережелерін бұзуды тіркеу ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға да арналған жүйе. Атырау қаласында орнатылған 2 748 камераның 1 524-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылап отырады. Бұл құрылғылар қоғамдық орындарда, саябақтарда, тұрғын үйлердің аулаларында, білім мекемелерінде, қаланың криминогендік аудандарында және 157/9-УГ түзету мекемелерінің аумағында орнатылған.
Сонымен қатар, сауда, бизнес орталықтарындағы және адам көп жиналатын орындардағы аталған жүйемен біріктірілген. Желілік учаскелерде және көше қиылысында орнатылған 204 аппараттық-бағдарлама лық кешен де байқау қызметінің арқасында құқықбұзушылықтың жолын кеседі» делінген баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
«Сергек» камералары жол ережесінің бұзылғанын автоматты түрде тіркейді. Алайда, автокөлік жүргізушілерінің тәртіпті амалсыз бұзатын сәттері де кездеседі. Мәселен, жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігін өткізуі мүмкін, жол-көлік апаты болып, «темір тұлпардың» бұзылатын кездері болады. Сондай-ақ, асфальттағы жолақтар ауарайына байланысты көрінбей қалып та жатады. Мұндай жағдайда «темір тұлпар» тізгіндеуші тәртіптік шараға тартыла ма? Біз бұл сауалды Атырау облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Мырзалы Өтеғалиевке қойдық.
– Қазір қыс мезгілі. Осы с е б е п т е н жо л т а ң б а л а р ы көрінбей қалуы, жолдағы тазалау жұмыстарына және апатты жағдайларға байланысты еріксіз түрде жол қозғалысының бұзылуы, сызықты басып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда бейнежазбалар қайта қаралып, қ ұ қ ы қ б ұ з у ш ы л ы қ т а р қысқартылатын болады. Соңғы үш айдың ішінде осындай 100- ге жуық дерек тіркеліп отыр, — деді ол.
Мамандардың айтуынша, мұндай жайт қаланың жолкөлік желісінің тар жерлерінде ә р т ү р л і ж ұ м ы с т а р д ы ж ү р г і зум е н а й н а л ы с ат ы н коммуналдық қызметтердің көліктерін айналып өту кезінде де (бағдаршамды жөндеу, көше жарығы, белгі қою, арықтардан қоқыс жинау, жаңбыр суын сору және т.б.) орын алады. Кейбір жағдайда көліктер жолды немесе тұтас сызық жол таңбаларын кесіп өтеді. Жүргізушіге байланысты емес жағдайлар да туындауы мүмкін. Мәселен, көлік жүргізуші техникалық а қ аул ы ғ ы н а б а й л а н ы с т ы жолдың ортасында тоқтаған басқа көлік құралын немесе апат болған жерді айналып өтуіне тура келеді. Осындай жағдайларда жолды ке сіп өту қажеттілігі туындайды. Кептелісті болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін бұзуына тура келеді.
Жа л п ы , жо л е р е ж е с і н бұзбағанына сенімді көлік жүргізуші «Нұрсая» шағын ауданындағы әкімшілік полиция басқармасына барып, бейнежазбаны қарап, мәселенің анық-қанығына көз жеткізуіне болады. Мамандар «Сергек» о р н ат ы л ғ а л ы « т ә рт і п с і з » жүргізушілердің 18 пайызға азайғанын айтып отыр. Осыған дейін камералардың көмегімен 61 қылмыс ашылып, 24 мың құқық бұзушылық анықталды. Демек, жол қауіпсіздігі үшін «Сергектің» пайдалы болып тұрғаны анық.
Жол-көлік оқиғасы азайды ма?
Бейнекамералардағы бүкіл а қ п а р ат б і рд е н а хуа л д ы қ орталыққа түседі. Бұл полиция үшін жағдайды бағалау және қажет болған жағдайда жедел шараларды қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, құқық қорғау қызметкерлері бейнежазбаны қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықты ашу үшін пайдаланады (3 ай ішінде жазбалар қаланың әкімшілік сотына 100 реттен артық ұсынылған). Жол қауіпсіздігіне қатысты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz сайты деректері бойынша, жоғарыда көрсетілген кезеңде жол-көлік оқиғалары 32%-ға төмендегені байқалады. «Сергек» жол кешендері орналасқан «Кілем жабындысы» деген қағидат қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз етуге негізделген. Камералардың осы жолмен орналасу мәні жүргізушілерге айыппұл салу емес, адамдарды агрессивтік стильден мәдениетті көлік жүргізуге дағдыландыру болып табылады.
«Жол бойындағы оқиғалардың бірқат ары адам өлімімен аяқталып жатады. Оның себебін анықтағанда көбі жылдамдықты шамадан тыс асырғаннан орын алған» деді «Көркем Телеком» компаниясының өкілдері.
Құрылғыға қатысты түрлі пікір
Мақаланы дайындау барысында біз жүргізушілердің пікірін де сұраған едік. Соның бірі такси қызметінде жүретін Бағдат есімді азамат өзінің ойын жасырмай айтты.
«Жуырда өзге көліктің жол ережесін сақтамағандығы себепті оқыс оқиғаға ұшырай жаздадым. Дереу тежегішті басып үлгердім. Артынан қуып жетіп, оның кінәлі екенін айтқанмын. Ал, ол мойындамақ түгілі, өзімді балағаттап кетті. Осындай шектен шыққандарды тәртіпке шақырса, жөн болар еді» деді ол.
А л , ө з і н Е рм а ха н д е п таныстырған оқырман редакцияға телефон шалып, «мұңын» шақты. Ол «Сергектің» жұмысына риза емес екен.
«Камерадан қорқып, сағатына 40 шақырым жүретін болдық. Түскі мезгілде көлік кептелісінің кесірінен уақытында үйге жете алмаймыз» деген наразылығын айтты.
Мамандар сондай кептелістерде тұрып, кейде ерікті-еріксіз жол ережесін бұзатындардың әлі де кездесетінін айтады. Асығып келіп, «Тоқта!» деген белгіден асып кетеді немесе «қулықпен» кетіп қалғысы келетіндер бар. Кептеліс жоқ болса, жылдамдықты асырып, зулай жөнелетіндер де кездеседі. Аталған бейнебақылауға байланысты белгілі заңгер Салтанат Рахимованың да пікірін білген едік.
– Жалпы, автокөлікті жоғары қауіптілік көзі дер едім. Иә, тәртіпті көлік жүргізушіге «Сергек» қорқынышты емес. Ал, тәртіп бұзған адамның жауап беруіне тура келеді. Қаланың қауіпсіздік деңгейін көтеруді, қ о ғ а м д ы қ о р ы н д а р м е н көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейтін бұл құрылғының орнатылуын өзім қолдаймын. Әрине, 60 км/ сағ талап етілген жерде одан жоғары жылдамдықпен жүрсе, оның тәртіпке шақырылатыны анық. Содан кейін ол айыппұл отбасылық бюджетке салмақ салады. Өзім құқық саласының маманы болғандықтан, әрқашан т ә р т і п п е н а д а м қ ұ қ ы ғ ы жағындамын. Сондықт ан, көлік жүргізушілеріне «ақырын жүріп, анық басатын» кез жеткен секілді, — деп ойын түйіндеді.
ТҮЙІН.
Мемлекеттегі цифрландырудың бір игілігі – «Сергек» жүйесі қоғамдағы тәртіптің орнауына ықпал етсе, демек бір мақсаттың орындалғаны. Ал, жоғарыда айтқан «қалтаға соғатын» айыппұл мен адам өмірінің құндылығын таразы басына қойсақ, соңғысының жоғары екені айтпаса да түсінікті. Ендеше, «Сергек» қауіпсіз қоғам құрып, көпшілікті мәдениет пен тәртіпке үйретеді деген үміттеміз.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА
- ҚАҢТАРДЫҢ 14-НЕ ДЕЙІНГІ ДЕРЕК БОЙЫНША «СЕРГЕК» АҚПАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІ 5752 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТІРКЕГЕН. СОНЫҢ 4369 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА 32 367 032 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, ОНЫҢ 12 757 500 ТЕҢГЕСІ ӨНДІРІЛІП ҮЛГЕРІПТІ.
Сұрақ-жауап
Асылан ҚАЛИХАН, Атырау қаласы
- «Сергек» жүйесі зиянды сәуле шығарады, адам денсаулығына қауіп төндіреді» деген сөздерді жиі естиміз. Бұл әңгіме шындыққа қаншалықты жанасады?
«Көркем Телеком» ЖШС баспасөз қызметі жауап береді:
- – Бұл, әрине, қате пікір. Ал, экология мәселелері – біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады. «Сергек» жобасы шеңберінде Атырау қаласында 10 экометеодатчик орнатылды. Бұл – ауа сапасын өлшеуге арналған тәуелсіз құрылғылар. Олар өлшейтін негізгі көрсеткіш – ауадағы ұсақ бөлшектер, яғни ағзаға өкпе арқылы сіңетін яғни, бұл шаңның, аэрокірненің, тозаңның ұсақ бөлшектері және адамға қауіп келтіретіндей әлдеқайда ірі болып келеді. Қаланың негізгі аудандары бойынша таратылған экометеодатчик температураны, ылғалдықты және көмірқышқыл газының деңгейін тіркейді. Олар ауаның жағдайын бақылауға және ластану көздерінің аймағын белгілеуге мүмкіндік береді. Толық ақпаратпен http://opendata.kz сайтында танысуыңызға болады.