Жарнама
Жаңалықтар

Сенімге ие бастауыш ұйым

Жыл басынан бері облыс орталығындағы бес ірі саяси ұйымда өткен қоғамдық қабылдауларға 30-дан астам азамат келсе, олардың тең жартысының мәселесі оң шешімін тапқан. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру, сайлау жиыны барысында айтылды.

a940d0c9dbe0c1c3c8b5f72dd9a2a2e7

Партияның облыстық филиалының баспасөз хатшысы Эльмира Түнғатарова хабарлағандай, мәселен бір ғана «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының бастауыш партия саяси ұйымның 200-ге  жуық мүшесі бар. Онда қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Өткен жылы Атырау қаласындағы бірнеше үй суға кеткен кезде акционерлік қоғам тарапынан бөлінген қомақты қаржыны үйлестіруге бастауыш партия филиалы ұйымы өкілдері өз үлестерін қосқан. Бұл жұмыстарға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев оң бағасын берді.

Басқосуда сөз алған бюро мүшелері жастармен жұмысты жандандыру, тәлімгерлер мектебін қалыптастыру жөнінде айтып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Есеп беру, сайлау жиыны Атырау мұнай өңдеу зауыты бастауыш партия ұйымында да өтті. Партиялық жобалардың жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алған ұйым  өткен жылы бастауыш партия  ұйымдары арасында өткен республикалық байқауда екінші орынға ие болған.

Бүгінде  облыс орталығында 14 мыңға жуық мүшесі бар 44  бастауыш партия ұйымы қызмет етеді. Есеп беру, сайлау жиындары олардың барлығында да өтпек.

Мәлике Қуанышева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button