Атырауда биыл егін түсімі төмен болуы мүмкін

snimok 3 Жаңалықтар

Әзірге облыста жиналған өнім 20%-ға жетпейді.


Шілде айынан облыста егін німдері жинала бастады. Содан бері айдан астам уақыт ткеніне қарамастан жиын-терімнің нәтижесі күткендегідей болмай тұр. Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Бақтияр Арыстанбаевтың айтуынша, биыл облыс бойынша егістік жер көлемі 9470 гектарға жуықтап, былтырғыдан 140 гектарға ұлғайған.


Тамыз айының біріне берілген мəліметте көрсетілгендей, содан 1629 гектардың егіні жиналып, одан 21730 тоннаға жуық өнім алынған, көрсеткіш 17,2%-ды құраған. Осы кезеңде барлығы 2300 тонна картоп, 420 тонна шамасында көкөніс, 7240 тоннаға тарта бақша өнімдері жəне 620 тонна көлемінде мал азықтық дақылдары жинап алынған.


Соған қарағанда, егіннің түсімі де төмен болып тұрғанға ұқсайды. Өңірлер арасынан Құрманғазы, Жылыой, Индер жəне Махамбет аудандары мен Атырау қаласының межесі өзгелерімен салыстырғанда жоғарылау екен. Мəселен, бұл көрсеткіш Құрманғазыда – 48,4, Жылыойда – 40,3, Индерде – 23,3, Махамбет ауданы мен Атырау
қаласында – 10,9%-ға тұрақтапты. Соның ішінде, екпелі шөп жинаудан жылыойлықтар мен индерліктер алдан көрінсе, басқалары кейіндеп қалған.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз