Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Сенерімізді де, сенбесімізді де білмедік» дейді атыраулық күміс алқалы ана

Atr.kz/26 маусым, 2019 жыл. Жуырда өткен Президент сайлауында басым дауыс жинап, мемлекет тізгінін өз қолына  алған  Қасым-Жомарт Тоқаев аз уақыттың ішінде өзін жақсы қырынан көрсетіп келеді. Бұл – «Atr.kz» сайтына ағынан ақтарылған көп балалы ана, «Күміс» алқа иесі Гүлсім Қарабалиеваның пікірі.

Оның айтуынша, осы қысқа мерзім ішінде ол бірқатар өңірлерге аяқтай барып, елдің тыныс-тіршілігін өз көзімен көріп, қарапайым халықтың хал-ахуалымен жақынырақ танысты.

– Осы көрген-түйгендерінен қорытынды шығарған Президентіміздің көп балалы аналар мен мүгедек балалары бар отбасылардың, жетім балалардың  түрлі банктерден алған несиелерін өтеу жөніндегі Жарлыққа қол қоюы халық пен Президент арасындағы қалыптаса бастаған жылы сезімді одан сайын орнықтырды, – дейді ол. – «Денеңе жабысқан кенедей» әрдайым өзінің бар екенін білдіріп, санаңда тұралап алатын «несие» мемлекет  тарапынан жабылады деген хабар келгенде шынымен абдырап қалдық.

Сенерімізді де, сенбесімізді де білмедік. Иә, расымен  де көпшілігіміздің еліміздегі банктерге қайтарар ақшаларымыз шаш етектен еді. Басшылық тарапынан осындай Жарлықтың шығуы мен тәрізді «тапқаны қапқанына» әзер жетіп отырған отбасыларға үлкен демеу болары сөзсіз. Ел қамын ойлаған Мемлекет басшысының бұл қадамы қазіргі таңда әлеуметке қажетті батыл қадам деп санаймыз.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button