![Қызылқоғада кезекшілікті күшейту қажет 1 whatsapp image 2024 03 29 at 19.32.42 1.jpeg](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-29-at-19.32.42-1.jpeg.jpg)
Қызылқоғада кезекшілікті күшейту қажет
Көктемгі су тасқынына байланысты бөгетке қойылған кезекшілік тәулік бойы жұмыс істеуі керек. Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімі Қанат Әзмұханов көктемгі өр суы тасуының алдын алу туралы өткен жиында атап айтты, — деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
![Қызылқоғада кезекшілікті күшейту қажет 2 whatsapp image 2024 03 29 at 19.32.43 1.jpeg](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-29-at-19.32.43-1.jpeg-1024x682.jpg)
-Бұл тұрғындардың амандығы үшін жасалып жатқан шара. Жағдай облыс басшылығының тікелей қадағалауында. Ойыл өзенінен су көп мөлшерде келе жатқандығы баршаға мәлім. Ең басты айтатыным — біздің ауданда дайындық та, алдыңғы жылдан жиналған тәжірибеміз де бар. Әр округте қандай техника бар екендігін нақтылағанымыз жөн. Қазір мекемелер кезекшілікке бөлінді. Олар өз жеріне бөгет салу керек болса, сол тұрғыда жұмыс жасап, орнынан кетпеу жағын ойластырып отыруға міндетті. Сондықтан, барлық мекеме басшылары қызметкерлерін көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жұмыстан босатып, қатаң бақылауға алған дұрыс. Қауіпті елді мекендерге техника жіберуді ұйымдастырып, өткеннен сабақ алу керекпіз,- деді Қ.Әзмұханов.
![Қызылқоғада кезекшілікті күшейту қажет 3 whatsapp image 2024 03 29 at 19.32.42.jpeg](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-29-at-19.32.42.jpeg-1024x682.jpg)
Сондай-ақ аудан басшысы орынбасарларына мекемелердің атқаратын жұмыстарын нақтылап, кәсіпкерлермен меморандум жасауды тапсырды.
Тасқын судың алдын алу бағытында Қызылқоғада жалпы ұзындығы 45,7 шақырым бөгет салынды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерден бөлек ауыл тұрғындарынан 500-ге жуық ерікті бөгетті нығайту жұмыстарына тартылды.