Сегіз жастағы Айзере – бұрымдылар байқауының кезекті қатысушысы

4444 Жаңалықтар

Atr.kz/11 наурыз, 2019 жыл. Қызылқоға  ауданы Сағыз селосының тұрғыны Айзере  Райымберді Кенбай орта мектебінің 3 сыныбында оқиды.

– Мен Сағыз селосында 2010  жылы 16 наурызда  дүниеге   келдім. 8 жастамын. Бұрымымды анам 6 айымнан бастап өсірген. Қазір ұзындығы 1 метр 5 см.

Шаш – қыздардың сәні. Өзіме ұзын шашты болған қатты ұнайды. Мүлде қимаймын. Газеттегі конкурсты көріп, менің де қатысқым келді. Анам қолдау білдіріп, арнайы фотоға да түстім.

Аптасына 2 рет жуамын.  Айына 1 рет  шашымды  табиғи  айран және жұмыртқа қосылған қоспамен жуып, күтім жасаймын.

konkurs Rajymberdi A2




Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Анар

    Кадамын он болсын!