Атырауда 1 мамыр мерекесіне орай қандай шаралар өтеді?

7452 Жаңалықтар

Атырауда 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай көптеген мерекелік іс-шаралар өтеді. Ендеше, қай жерде, не болады?

7452

28 сәуір күні, сағат 16.00-де этономәдени бірлестіктердің қатысуымен «Қазақстан – ұлы достық мекені» атты мерекелік шара (жастар флешмобы және мерекелік концерт) ұйымдастырылады. Өтетін орны: «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданы, Ретро-саябақ.

30 сәуір күні, сағат 8.00-13.00 аралығында «Сарайшық» коммуналдық базарында жергілікті тауар өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Ал, сағат 15.00-де Жұмыскер ауылдық мәдениет үйінде «Ортақ шаңырақ аясында» атты этнос өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара болады.

1 мамыр күні, сағат 18.00-де Қ.Смағұлов атындағы алаңда «Street workout» қала кубогының іріктеу турнирының ашылуы өтеді деп жоспарлануда.

Сағат 20.00-де 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты кешкі мерекелік концерт облыстық әкімдік ғимаратының алдындағы сұлтан Бейбарыс алаңы ұйымдастырылады.

 

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз