БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар
Сазайын тартқан содырлар
ТҮРКИЯ. Ел әскері Сирияның солтүстігінде 18 содырдың көзін жойды. Олардың барлығы –«Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттері. Тағы 37 радикал жарақат алды.
Шабуылдар Әл-Баб қаласының маңында жасалған. Түркияның Қарулы Күштері 24 тамыздан бастап «Сириялық азат әскермен» бірігіп «Евфрат қалқаны» операциясын жүргізіп келеді. Оның мақсаты – Сириядағы шекара аумағын лаңкестерден тазартып, босқындар үшін қауіпсіз аймақ жасау.
Өз тілшіміз.