Атырауда жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?

d306a8f3778a9a1b2f368d58dd9c478c generic Жаңалықтар

2021 жылы Атырауда 7 800 шетелдік жұмысқа тартылды.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

2021 жылы 7 800 квотаның 3 620-сы жаңадан жұмысқа тартылған шетелдіктерге берілген. Ал қалғандары жұмыс істеу мерзімін ұзартқандар мен қайта рәсімдегендер.

  • Өткен жылғы жоспар бойынша 7 723 бірлік квота бөлінді. Оның 144-і бірінші санат, 1 881-і екінші санат, 4 494-і үшінші санат болса, 604-і төртінші санат бойынша берілді. Сонымен қатар, шетелдік қызметкерлерге маусымдық жұмыс бойынша 600 квота бөлінді, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күші тартылып отырған кәсіпорындарда 92 239 қазақстандық маман жұмыс істеуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз