Жарнама
Жаңалықтар

САЙЛАНҒАН ӘКІМДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АУЫР

— Жуырда ауыл әкімдері тұңғыш рет сайланып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл әкімдерінің міндеттерін, олардың қызметтерінің жауаптылығын нақты айқындап берген болатын, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы семинардағы кіріспе сөзінде. — Тек жауапкершілік жүктеп қана қоймай, биылдан бастап материалдық жағынан қамтамасыз етуді де атап өтті. Сондықтан, ауыл әкімдеріне үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Бұл семинар облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен ұйымдастырылуда. Сондықтан, ой бөлісіп, пікір, тәжірибе алмасып, елмен тікелей жұмыс жасайтын болғандықтан, барынша барлық тақырыпты қамту үшін белсенділік танытуларыңыз жөн болады. Семинар жұмысына сәттілік тілеймін!
Аталған семинар үш күнге жоспарланған. Семинардың алғашқы күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары С.Сәрсекенов «Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар. «Агробизнес-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы» туралы баяндамасында ауыл әкімдеріне халыққа аталған бағдарламаның мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру керектігін жеткізді.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік басқару органдар арасындағы құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы» туралы баяндамада мемлекеттік қызметшілер арасында қылмыстық жағдайлардың көрініс беріп қалатындығы, оны болдырмау мәселесі сөз болды.
Бұған қоса жаңадан сайланған әкімдерге жаңа өкілеттіктері мен жауапкершіліктері, жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері мен бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың мониторингісі, әкімдер қызметінің құзыреттілігін жетілдіру, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы түсіндіріліп, есеп-шоттар ашу жөнінде кеңес берілді.

А.ЕРТІЛЕУ.
Сурет Е.АЛТЫБАЕВТІКІ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button