Атырауда «ZHAS PROJECT» жобасына өтініштерді қабылдау басталды

baea9986 c943 4b0d b66e 3db32003da68 Жаңалықтар

«ZHAS PROJECT» жобасы 2019 жылдан бері жұмыс жасайды. Биыл 9 қазаннан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жобаға өтініштерді қабылдау басталды.

Бұл туралы «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, жоба жетекшісі Зульфия Кубеева баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Жобаға қатысушылардың басым бөлігі – жастар, 18 бен 35 жасты қамтиды. Жобаның мақсаты NEET санатындағыларға жағдай жасауға және жастар бастамаларын қолдауға бағытталған. Мұндағы қойылатын талап еш жерде жұмыс жасамауы тиіс, сонымен қатар ешқайда оқымаған 35 жасқа дейінгі азамат болуы керек. Өтініштерді онлайн түрде 9 қазаннан бастап 22 қазанға дейін қабылдаймыз. Облыс бойынша жобаны ұйымдастырушы «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту асссациясы. Жоба туралы барлық ақпаратты www.zhas-project.kz сайтынан ала аласыздар. Грант көлемі 1 млн теңгені құрайды. Ақша қолма-қол берілмейді, қаражат тек арнайы құралдарға, жобаға байланысты шотыңызға түседі, – деді З.Кубеева.

Оның айтуынша, өтініштерді қабылдап, барлық техникалық тіркеуден өткеннен кейін қатысушыларды таңдап, бизнес жобаға байланысты онлайн түрде оқу өткізіледі. Содан кейін таңдалған адамдар комиссия шешімі бойынша аталған грантқа қатысады. Атырау облысы бойынша тек 8 адам ғана грантты ұтып ала алады. Сонымен қатар заңға қайшы кәсіп немесе сауда-саттыққа байланысты кәсіп болса жобаға қатыса алмайды.

Айта кетейік, 23-31 қазан аралығында грантты жеңген қатысушылар анықталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз