Сәуірде жол төсеу жұмыстары басталады

277465782 1573961436319667 968649898875811133 n Жаңалықтар

Әлеуметтік желідегі қала тұрғындарының ой-шұқыры көп тас жолдардың мәселесіне қатысты жазбалар мен пікірлерді назарға алып отырмыз.

Осы орайда, тұрғындардың жайын кетірген жол проблемасына қатысты сын-ескертпелер қалалық әкімдік жұмысының басты назарында. 2022 жылы жалпы ауданы 25 000 ш.м. жолдарды жөндеу жоспарлануда. Ауа-райының жағдайын және қолданыстағы ҚР ҚН нормаларына қойылатын талаптарды ескере отырып, асфальт төсеу жұмыстарын бастау күннің жылынуымен сәуірдің бірінші жартысына жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының зақымдалған учаскелерін тексеру және өлшеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаланың басты және автокөлік көп жүретін көшелерінде жұмыстар басталады.

«Атырау қаласының әкімдігі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз