Жарнама
Жаңалықтар

Сарыөзек ауылындағы шаруа қожалықтары жарықпен қамтылатын болды

Бұл туралы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысқан «Атырау Жарық» АҚ президенті Мейірбек Ғұбашев мәлім етті.

Сарыөзек ауылына қарасты шаруа қожалықтарында бұрын жарық болмаған. Жарықты күн сәулесінен энергия алатын аппарат, тіптен болмаған жағдайда арнайы мотормен жағып отырған. Енді игі жұмыстардың нәтижесінде қожалық иелері электр жарығымен толығымен  қамтамасыз етілмек.

-Электр желісімен қамту жұмыстарын «Атырау Жарық» АҚ мен қала әкімдігі бірлесіп жүргізуде. Жарықпен қамту жұмыстары 17 сәуір күні басталды. Енді мамандар бір апта төңірегінде аяқтауды жоспарлап отыр. Жарық тартылған соң, әрине мұндағы қожалық иелері үшін жұмыстар жеңілдейтін болады,- деді М.Ғұбашев.   

Оның айтуынша, жарық жүргізуге қажетті құралдардың барлығы аталған ауыл тұрғындарының көмегімен қамтамасыз етілген. Ал электр энергиясын тарту жұмыстарын «Атырау Жарық» АҚ-ның  білікті мамандарының көмегімен жүзеге асып отыр. 

Еске сала кетейік, Атырауға қарасты Сарыөзек ауылында 30-ға жуық шаруа қожалығы бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button