
ЖаңалықтарШаһар шырайы
«Сарайшық» базарында әр аптаның сенбі-жексенбі күндері жәрмеңке өтеді
Атыраудағы «Сарайшық» коммуналдық базарында әр аптаның сенбі-жексенбі күндері жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атырау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен болатын жәрмеңке 10 ақпан мен 25 наурыз аралығында әр аптаның сенбі-жексенбі күндері тұрақты түрде өтпек.
Мұнда келушілерге аудандардағы тауар өндірушілердің өнімдері тиімді бағада сатылады деп күтілуде.
Жәрмеңкеге келуге асығыңыз!
Айдос Қарабала