Жарнама
Жаңалықтар

Президент Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Жеңіс құтты болсын! Бүгін жақсы ойын болды. Шеберлік көрсеттіңіздер. Жұрт, бәрі риза», — деді Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы матчтағы жалғыз гол авторы Максим Самородовқа ризашылығын білдірді. «Жақсы гол соқтың. Маған ұнады», — деді Қ.Тоқаев футболшының қолын алып жатып.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button