Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeШаһар шырайы

СарапTime: Атырауда жарық неге жиі өшетіні енді белгілі болды

Жыл басталысымен Атырау қаласында жылу мен жарыққа қатысты мәселелер туындап, қала халқының дегбірін қашырды. Жылуы жүріп тұрса да жылымаған пәтердің жыры аяқталған тұста, қаланың оң жақ беті тұрғындары жиі-жиі жарықсыз қалды. Жеке сектордағы жылыту қазандықтары ток су сорғымен жұмыс жасайтыны өз алдына, онлайн білім алып отырған оқушылардың интернеті қосылмай әуре-сарсаңға түсті.

Атырауда жарық неге жиі өшеді? Мәселенің мәнісі неде? Тиісті орган басшылары бас қосқан жиында оның себепсалдары айтылды.

  • – Көп жылдан бері болмаған і р і а п а т т ы қ ж а ғ д а й л а р ғ а байланысты, қалада жарық жиі өшіп, қолайсыздықтар болып жатыр. Мәселені тексеру үшін Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қ а д а ғ а л а у ж ә н е б а қ ы л а у комитетінің төрағалығымен техникалық бұзылушылықты жан-жақты тексеру комиссиясы құрылып, жұмысты бастап кетті. Одан кейін де облыс әкімінің төрағалығымен бірнеше рет ірі энергия компаниялары және мұнай өңдейтін өндіріс мекемелері басшылары бас қосқан жиналыстар өтті. Нәтижесінде, нақты шешімдер қабылданып, қолданыстағы Қазақстанның Батыс электр жүйелерінің, Батыс аймағының электр жүйесін күшейту инвестициялық жобасы осы апатты жағдайдың қайталанбауы үшін әрі қарай жалғасын табатын болды. Сондай-ақ, Атырау облысы электр желілерін дамытудың 2030 жылға арналған нақты жобасын жасау жөнінде тапсырма берілді, — деді Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатов.
  • – Әрине, электр жүйелерінің кернеусіз қалу себебі комиссия шешімінде нақтыланып, анықталатын болады. Ол үшін 2014 жылдан бергі қолданысы толықтай тексеріліп, Экология департаменті мен «Қазгидрометтің» сынамалары мен ақпараттарына сай шешіледі. Бұл бір-екі күндік іс емес, үлкен жұмыс. Қазіргі болжамымыз – желілердің тозуы, ауа райының қолайсыздығы, — деді ол.

«Атырау жылу электр орталығы» АҚ президенті Мақсот Аленов те апатты жағдайға табиғаттың, əсіресе, жоғары ылғалдылық пен жиі-жиі түскен қалың тұманның əсері бар деп бағамдайды.

  • – 2021 жылы 2 ақпан күні сағат 00:30- да кернеудің айтарлықтай төмендеуі болды. Мұны кəсіби тілде «коранация» дейміз. Оның салдарынан алдымен 110 КВ ашық тарату қондырғысында бірінші шина жүйесі жəне сонда отырған №131-ші жүйе ажыратылды. Оның ішінде сол шинаға беріп тұрған біздің стансадағы №12 трубина тоқтатылды. Жылу электр орталығы генерациясы 269 мегабаттан 199 мегабатқа дейін төмендеді. Бұдан кейін сағат 01:18- де екінші шина жүйесінде коранация болды. Одан №132-ші жүйе ажыратылып, станцияның №8, 9, 10 трубиналары жұмысын тоқтатты. Халықтың ұзақ уақыт жарықсыз қалмауы үшін, жұмысшы тобы түнімен тынымсыз еңбек етіп, сағат таңғы төрттен алтыға дейін желілерді іске қосты. Қазіргі жағдайда жылу электр орталығында 245 мегабаттық генерация ұстап тұр, — деді Мақсот Қуанышқалиұлы.

« А т ы р а у Ж а р ы қ » А Қ в и ц е президенті Мейірбек Губашев апатты жағдайдың алдын-алу үшін жарықты жиі-жиі сөндіруге тура келді деп отыр.

  • – №131, 132-ші желілеріміз сөніп, қаланың оң жақ бөлігі мен Исатай жəне Құрманғазы аудандары жарықсыз қалды. Дереу оны екінші желіге аудардық, ол да сөнген соң, басқа қосалқы станцияларға жүгіндік. Екі ауданды уақытша Ресей жақтан келетін №441 əуежелісіне қостық. Тұрғындар ұзақ уақыт жарықсыз отырған жоқ. Подстанцияда коранация болып, апатты жағдайды болдырмау үшін 1-2 сағат өшіруге тура келді. Кейін тазартып қайта қостық. Дер кезінде тоқтатпасақ үлкен мəселе туындап, ұзақ уақыт ток болмауы мүмкін еді. Ылғалдың жиілілігінен осындай мəселе орын алып отыр. Жұмыстар уақытылы, өз деңгейінде жасалуда, — деді ол.

«KEGOC» АҚ Батыс жүйеаралық электр тораптары филиалының директоры Константин Чернохаев бүгінде облыс əкімімен бірлесе отырып батыс өңірдегі ток көзін күшейтуді жобалау мақсатында Индер жəне Мақат аудандарында жобалар жасақталып жатқанын жеткізді. Брифингте сұрақтардың дені апатты жағдай кезінде түрлі техникалары мен ток құрылғылары істен шыққан тұрғындардан келіп түсті.

  • – Бұл туралы өткен брифингте де айтылды. Тұрмыстық техникасы жанып кеткен азаматтар «Атырау Жарық» АҚ-на келіп арыз жазулары керек. Оған қоса сараптама жалғануы керек. Осы уақытқа дейін маған ешқандай арыз келген жоқ. Келген өтініштерді жеке зерттеп, зерделеп, тексеріп жауабын беретін боламыз. Біздің кінəмізден болса мəселені шешеміз. Ал, жарықтың жоқтығына көтерілген шуға қатысты айтарым, энергетика заңы бойынша І категорияны тұтынушылардың сөну уақыты аз болады. Себебі, бірінші санатты ток көзін алатын мекемелерге басқа шарт жасалады. Оған тікелей немесе екі жақтан ток тарту керек. Оның құны да қымбат. Ал, техникалық шарт жасасқан кезде дені үшінші санатты ток көзін таңдап, алып отырғандықтан, заңдылығы бойынша ақау 24 сағатта жөнделеді. Осы апатты жағдайда 24 сағаттан артық токсыз қалу фактілері болмады. Сондықтан, халық сабырмен күтуі керек, — деді «Атырау Жарық» АҚ вице президенті Мейірбек Губашев.

И с а т а й д а ғ ы ж е л э л е к т р станциясының жұмысы туралы сұраққа, станцияның жұмысы аты айтып тұрғандай желдің күшіне байланысты жəне апатты жағдай кезінде жел болмағандықтан, оның балама көзін пайдалана алмағандықтарын айтты. Брифингтегі көп сауалдың жауабы мен мəселенің түйіні Нұр-Сұлтанда құрылған комиссияның шешіміне байлаулы. Оны да күтейік.

P.S: ­

Өзенге су келмесе де, пәтер жылымаса да, жарық өшсе де ауа райын негізге алып, жауап беру тиісті орын басшылары арасында жиілеп кетті. Бәрінікі – болжам. Нақты ғылыми тұжырымдама жоққа тән. Бар кінәні айтатын «аузы жоқ» ауа райына жаба салу әдетке айналмаса игі.

Салтанат АҚТƏЖИЕВА

Коллажды жасаған: Дәурен Мұхамбеталиев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button