Қыста жылы, жазда салқын кең сарайлы автобустар…

b81792e8462dec89a93db0530c62f1e7 500 0 0 Жаңалықтар

Атырау қаласында алдағы уақытта әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды таситын маршруттар пайда болмақ. Қазір оларды мемлекет тарапынан субсидиялау мәселесі қаралып жатыр. Енді тасымалдаушыларға автобустардың кең болуы, желдеткіш не салқындатқышпен қамтылуы, жолаушылармен қарым-қатынасты жақсарту жөнінде талаптар қойылатын болады.

b81792e8462dec89a93db0530c62f1e7_500_0_0

Қала тұрғыны, зейнеткер Сәуле Мағауқызы қоғамдық көлік жүргізушілерінің қызметіне көңілі толмайтынын, олардың аузынан «ақ ит кіріп, көк ит шығатынын» айтады.

– Бақылаушылардан билет сұрасаң болғаны, қабаған иттей «абалай» жөнеледі. Қай аялдамада қанша уақыт тұру керектігін жүргізуші өзі шешеді, жолаушылармен еш санаспайды. Құдды адам емес, ағаш тиеп келе жатқандай, көлік ішін лық толтырып алады да, бірде зымырандай зулай жөнелсе, енді бірде тежегішті кенеттен басып кеп қалады. Бұған тоқтау салынса, жақсы болар еді. Қалай десек те, өркениетті елде өмір сүріп жатырмыз ғой, – дейді ол.

­­ Жолаушылар тасымалындағы осы және өзге де мәселелермен қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи да жақсы таныс.

– Көптеген проблеманы алдағы жылы іске қосылғалы отырған жаңа жүйе шешіп береді деп ойлаймын. Қазір де қажетті құжаттар дайындалып, инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Ал, қалған жұмыстар, яғни, айналма жодар мен құрылыс нысандарын салуға біраз уақыт керек. Аялдамалардың отызы жаңартылып, 182-сінің жабындысы ауыстырылмақ, – дейді Ж.Жоламанұлы.

Сонымен бірге, айта кетейік, жыл соңына дейін «Батыс Транспорт» компаниясымен бірлесіп мемлекеттік-жеке әріптестік аясында Атырау – Дамбы, Атырау – Еркінқала, Атырау – Талғайраң бағытында барлығы 39 көшеге жарық желісі жүргізілмек. Бұл мақсатта 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, жұмыстар жүріп жатыр. Келесі жылы да осы компания өз қаражатына 180 көшені жарықтандыруды қолға алмақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз