
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ
«Сарайшық» базары отқа оранды (+ВИДЕО, ФОТО)
Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. Атырау қаласында жергілікті тауарларды қолжетімді бағамен сатылымға шығаратын «Сарайшық» коммуналдық базары отқа оранды.
Бұл жабық сауда орны болғандықтан, сандәрігердің шешімімен жұмысын тоқтатқан болатын. Өрт жөніндегі бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралуда.
Айта кетейік, бұл аталған базардағы алғашқы өрт оқиғасы емес. Осыдан төрт бұрын мұнда 13 тоңазытқыш өртеніп кеткен еді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ


