Сарайшық ауылында жиһаз цехы жұмысын бастады

97448 ea07 47ae b1f1 76ff49e596c1 Жаңалықтар

Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының басшысы Жексенбай Пазуловтың айтуынша, кәсіпкер Ернар Ахметов Сарайшық ауылының тұрғыны. Ол осыдан аз уақыт бұрын кәсіп бастап, жиһаз жасайтын цех ашқан. Еңбекқорлығы мен шаруаға мығымдығының нәтижесінде бүгінде кәсібі шағын өндіріс орнына айналып отыр. Цехта жиһаздың барлық түрі жасалады.

– 9 сыныпты аяқтаған соң Атырау қаласындағы агротехникалық колледжге оқуға түстім. Екінші курс оқып жүрген кезімде, яғни 2007 жылы жиһаз құрастыратын «Диар» компаниясына қара жұмысшы болып орналастым. Бір айдан кейін мастер лауазымына көтерілдім. Осы жерде 6 жыл еңбек еттім. Кейін достарыммен бірге өз кәсібімізді аштық. Қалада ғимаратты жалға алып, жұмыс жасадық. Енді өз үйімнің ауласынан ғимарат салып, ауылдан кәсіп бастап отырмын. Алдағы уақытта шағын бизнеске берілетін мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібімді кеңейтпек ойым бар,- деді Е.Ахметов.

Оның айтуынша, жиһаздар тапсырысқа қарай дайындалады. Сондықтан олардың саны да әй айда түрлі болады. Егер тапсырыс көп болса, айына жиырма жиһаз жасауға мүмкіндік бар екен. Ал мұнда жергілікті үш адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз