Мейрамхана мен караоке клубтары карантиннен «қорықпай» ма?

201113134209586e Жаңалықтар

Атырау қаласының полицейлері мобильдік топпен бірге карантиндік шектеу режимін бірнеше рет бұзған мейрамханалар мен караоке клубтарды анықтады.

«Мәселен, түнгі сағат 22:00-ден кейін «Китайка» мейрамханасы шектеу шараларын үшінші рет бұзып, 20-ға жуық адамға қызмет көрсеткен. Ал, «Баку» мейрамханасы да жұмыс істеп тұрған. Мұнда 15-тен астам адам болған. Ал «Рыба моей мечты» караоке клубында 70-ке жуық адамның болғаны анықталды. Аталған караоке клубы карантин режимі басталғалы бері 8-ші рет шектеулер мен талаптарды бұзып отыр», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері екі мейрамхана мен караоке клубтың басшыларына әкімшілік хаттама толтырды. Бұл хаттамалар Атырау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз