Махамбет ауданында каналдарға күрделі жөндеу жүргізілді

unnamed file 4 Жаңалықтар

«Бұл туралы Махамбет ауданы әкімі Жәрдемғали Ахметов брифингте мәлімдеді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


«Махамбет ауданында жалпы ұзындығы 483,6 шақырым болатын 9 суару-суландыру жүйелері орналасқан. Бұрын «Терең-Өзек», «Сары-Өзек», «Алга-Егіз»  каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 7 ауыл – Айсары каналына (72 шақырым), Құрсай каналына (39 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Есбол – Қозыбай каналының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өтті.

Сборный, Бақсай каналдарының жобалау құжаттамалары сараптамадан өтуде»,- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Махамбет ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17 934,9 млн. теңгеге жетіп, жоспар 100,7% орындалған айта кетуіміз керек.

https://atr.kz/zhanalyqtar/oetken-taulikte-atyrau-oblysynda-covid-19-infekciяsyn-zhuqtyrgan-79-adam-anyqtaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз