Сақтыққа салғырт қарамау керек
Облыстық әкімдікте өңірдегі коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жұмыстарының жүру барысы, санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмыстары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың басшылығымен өткен жиынға денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері, қала, аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.
О бл ы с ә к і м і н і ң о р ы н б а с а р ы Бақытгүл Хаменова облыс көлеміндегі е к п е а л у ж ә н е м о н и т о р и н г т і к топтардың қызметінің баяу жүріп жатқаны жөнінде айтты. Әлі де болса емханалар мен ауруханалардағы жұмыстардың кемшіндігі білінеді. Ақпараттық жұмыст ар кемшін. Тұрғындарға екпе алудың қажеттігін, маңыздылығын жеткізу керек. Өңіріміз қайтадан «қызыл аймаққа» енді. Бұл аурудың өршіп тұрғанын көрсетеді. Сенбі-жексенбі күндері барлық мониторингтік топтардың жұмыстарын қарап шықтық, садақа мен той толастар емес. Демек, аудандардағы жұмыс осал деген сөз.
– Жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүруі керек. Жұмысты ұйымдастыруда осалдық танытқан аудан әкімдері мен орынбасарларына қызметтік хат жолданатын болады, — деді Бақытгүл Қайыржанқызы.
– К е й б і р а у д а н д а р д а ғ ы емханалардың жұмыстары жеткіліксіз екені рас. Соңғы аптада емханалардағы жұмыстар күшейтілді. Сенбі күні 1000 адамға, жексенбі күні 438 адамға екпе салынды. Жалпы, медицина қызметкерлерінің 90 пайыздан астамы екпе алса, білім беру саласы қызметкерлерінің 38 пайызы, студенттердің 7,5 пайызы, диспансерлік есепте тұрған науқастардың 4,5 пайызы екпе салдырды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.
О бл ы с ә к і м і н і ң о р ы н б а с а р ы Бақытгүл Қайыржанқызы жергілікті мемлекеттік қызметшілер мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері адам денсаулығының ең маңызды екенін естен шығармауы қажеттігін ескертті.
– Аудандық ауруханалар бас дәрігерлерінің дәрменсіздігін халықпен т ы ғ ы з ж ұ м ы с ж а с ап , е к п е н і ң қажеттігін толыққанды түсіндіре алмай отырғанынан көруге болады. Қазір бәрімізді алаңдатып отырған үнді штамының келмеуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Бұдан дәл бір жыл бұрынғы ахуал қайталанбауы үшін жұмысты күшейту керек, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Жиын барысында аудандардағы екпе салудың жүргізілуі тексеріліп, Б.Хаменова басқарма басшысы мен аудандардағы, денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына осы шараларды мұқият қолға алуды тапсырды.
Алмас ҚАБДОЛОВ