118404314 3301641766556056 6002071493023010244 n

Махамбет Досмұхамбетов Қызылқоға ауданын аралады (+ФОТО)

Аудан хабарлары Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика Қоғам

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды.

Мұнда ​ аймақ басшысы ​ күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқан Жасқайрат, Тасшағыл елді мекендеріндегі мəдениет үйлері мен Миялы ауылындағы спорт кешенін аралап, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырлу барысымен танысты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


Облыс әкімі алдымен ​ Миялы ауылындағы «Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» ​ күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстары осы жылдың маусым айында басталған ғимарат қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша, 36 адам жұмыс істеуде. Олардың 11-і жергілікті тұрғын болса, қалғаны мердігер мекеме жұмысшылары.
Мұнан соң өңір басшысы Жасқайрат ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шалқыма» мәдениет үйінің құрылысын аралап көрді. Мұндағы жөндеу жұмыстары осы жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта мәдениет үйіндегі құрылыс жұмыстарына 28 жергілікті тұрғын жұмылдырылған. ​ Бас мердігер мекеме – «Жалынды құрылыс» ЖШС жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлап отыр. ​

Одан әрі аймақ басшысы Қызылқоға ауданының ​ Тасшағыл ауылында салынып жатқан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысын аралады. ​ Мұндағы құрылыс жұмыстарына да жергілікті ауыл тұрғындары тартылуда. Тасшағыл ауылдық округінің әкімі Гүлшара Ізімованың айтуынша, алдағы уақытта нысанның жөндеу жұмыстарына көрші ауылдардың да тұрғындары жұмылдырылмақ. Жұмыстың аяқталу мерзімі- 2021 жылдың қазан айы деп жоспарланған.

Өз кезегінде Махамбет Досмұхамбетов «мәдениет үйі – ​ ауыл тұрғындарына, әсіресе, жастарға қажетті нысан. ​ Сондықтан, орындалған жұмыстардың сапасы қатаң тексерілуі қажет», – деді. Сонымен қатар, облыс әкімі әлеуметтік нысандардың ​ уақытында бітуін тапсырды.

118085293 3301641466556086 8731654256657158833 n
118210308 3301641706556062 3632429216452084366 n
118579676 3301641963222703 3546414029213762094 n
118428431 3301641639889402 4086469521806753670 n
118356286 3301641883222711 5451656481210932295 n
118403943 3301641349889431 551905598681714229 n
118401209 3301641206556112 1859821733309027664 n

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған