Жарнама
Жаңалықтар

САПАЛЫ БІЛІМГЕ – ЖОҒАРЫ ТАЛАП

Жұмыскер кентіндегі №11 «Таңшолпан» балабақшасы 2009 жылы пайдалануға берілген болатын. Негізінен, ол ең алғашында алты топ бойынша 160 орынға негізделіп ашылған еді. Кейін қосымша жапсаржай салынып, 280 бала қабылдауға дейін мүмкіндік пайда болды. Алайда, қазіргі таңда 12 топта 305 бала тәрбиеленуде.

— Балабақшада 70 қызметкер бар, оның ішінде 33-і – педагогтар. Тәрбие мен оқу үрдісі таза қазақ тілінде жүргізіледі, — дейді балабақша директоры Салтанат Жанекешева.

Балабақша тынысымен танысу барысында облыста мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударылды. Қазіргі таңда өңірдегі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 53,5 пайызды (республика бойынша бұл көрсеткіш – 48,8%), ал, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту  78,9 пайызды (ҚР-да – 73,4%) құрайды. Яғни, облыста балабақшаға деген қажеттілік мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Осыған орай, астаналық меймандар бұл жұмысты нақты қолға алып, шешу қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, олар осы Жұмыскер кентіндегі №35 мектеп-гимназиясында да болып, жағдайымен танысты. Мектеп-гимназияның директоры Алмабек Абдолов сынып бөлмелерінің жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Қазіргі таңда оқу орнында 28 кабинет бар. Ал, жыл сайын 1-сыныпқа қабылданып жатқан оқушылар саны артып келеді. Мәселен, өткен оқу жылы басында бес сыныпқа оқушылар қабылданса, биыл тағы алтыншы сынып қосылды. Ал, келесі оқу жылына 250 баладан сұраныс түсуіне байланысты сегіз сынып ашу қажеттілігі туындап отыр.

Топ мүшелері мектептің бөлмелерінде, акт залында, асханада, «Зерек» бағдарламасы бойынша оқытатын шағын орталықта болып, оқушылармен әңгімелесіп, білім деңгейлерін бағдарлап, ұжым басшыларына орта білім беру бағдарламасын игеру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button