Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғындар табылды

9 наурыз күні сағат 11:30 шамасында мал іздеуге шығып, байланысқа шықпаған 1969 және 1965 жылдары туған тұрғындар табылды.

Оларды Атырау облысы ТЖД қызметкерлері ТРЭКОЛ автокөлігімен 2023 жылғы 10 наурызда сағат 13:25-тен бастап Атыраудың Алғабас селосынан 50 шақырым қашықтықта іздестірді.

10 наурызда сағат 17.23-те іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

«Сағат 17:47-де Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жоғалған азаматтарды тауып, қауіпсіз аймаққа жеткізіп, туысқандарына  тапсырды. Азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді», — деді Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button