Санитар дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады

supermarket 5202138 960 720 Жаңалықтар

Қазір Қазақстанда жедел респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмауға қарсы вакциналардың штаммдық құрамына кіретін A (H1N1), A (H3N2) және В тұмау вирустары тарап жатыр. Бұл туралы Zakon.kz-ке Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарлады.

Жалпы алғанда Қазақстанда 2,1 миллион жедел респираторлық вирустық инфекция және 1834 тұмау жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ ауруының 20% өскені байқалады. Аурудың өсуі барлық аймақтарда байқалады және 65% 14 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

Алдағы мерекелер мен балалардың демалысын ескере отырып, санитар дәрігерлер қазақстандықтарға тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алудың негізгі шараларын еске салды:

-Науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз, олардың оқшаулануын қамтамасыз етіңіз.

-Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеңіз.

-Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен жабыңыз, айқайламауға, түкірмеуге, құшақтамауға немесе сүймеуге тырысыңыз. Өйткені шырыш пен қақырық тамшылары –  инфекцияның негізгі көзі

-Бөлмені жүйелі түрде желдетіңіз, үй-жайларды жиі ылғал түрде тазалаңыз, жалпықол тиетін объектерді (есік тұтқалары, кран және т.б.) үнемі сүртіңіз.

-Вирусқа қарсы майлар, иммунокоррекциялық препараттар, мультивитаминдерді қолданыңыз. Пияз, сарымсақ, ашытылған қырыққабатты жеңіз.

-Қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз. Қолға гигиеналық немесе дезинфекциялық құралдар қолданыңыз.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмау мен ЖРВИ-дің негізгі белгілері туралы айтты:

-тұмау кенеттен басталып, температураның күрт секіруімен бірге жүреді. Дене интоксикациясы болады (қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артында ауырсынумен бірге құрғақ жөтел);

-кез келген басқа вирустық инфекциямен – ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалары – әдетте катаральды симптомдар басым болады (мұрынна су ағуы, тамақ ауруы және безгек).

Қазақстанда жыл сайын қазан-сәуір айларында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеледі. Дүниежүзінде A (H1N1), A (H3N2) және В тұмауы вирустарының белсенділігінің артуы байқалады. 

21 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде шошқа тұмауы – H1N1 таралып жатқанын хабарлады.

фото: pixabay.com

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз