Санитар дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазір Қазақстанда жедел респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмауға қарсы вакциналардың штаммдық құрамына кіретін A (H1N1), A (H3N2) және В тұмау вирустары тарап жатыр. Бұл туралы Zakon.kz-ке Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарлады.
Жалпы алғанда Қазақстанда 2,1 миллион жедел респираторлық вирустық инфекция және 1834 тұмау жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ ауруының 20% өскені байқалады. Аурудың өсуі барлық аймақтарда байқалады және 65% 14 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
Алдағы мерекелер мен балалардың демалысын ескере отырып, санитар дәрігерлер қазақстандықтарға тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алудың негізгі шараларын еске салды:
-Науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз, олардың оқшаулануын қамтамасыз етіңіз.
-Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеңіз.
-Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен жабыңыз, айқайламауға, түкірмеуге, құшақтамауға немесе сүймеуге тырысыңыз. Өйткені шырыш пен қақырық тамшылары — инфекцияның негізгі көзі
-Бөлмені жүйелі түрде желдетіңіз, үй-жайларды жиі ылғал түрде тазалаңыз, жалпықол тиетін объектерді (есік тұтқалары, кран және т.б.) үнемі сүртіңіз.
-Вирусқа қарсы майлар, иммунокоррекциялық препараттар, мультивитаминдерді қолданыңыз. Пияз, сарымсақ, ашытылған қырыққабатты жеңіз.
-Қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз. Қолға гигиеналық немесе дезинфекциялық құралдар қолданыңыз.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмау мен ЖРВИ-дің негізгі белгілері туралы айтты:
-тұмау кенеттен басталып, температураның күрт секіруімен бірге жүреді. Дене интоксикациясы болады (қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артында ауырсынумен бірге құрғақ жөтел);
-кез келген басқа вирустық инфекциямен — ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалары — әдетте катаральды симптомдар басым болады (мұрынна су ағуы, тамақ ауруы және безгек).
Қазақстанда жыл сайын қазан-сәуір айларында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеледі. Дүниежүзінде A (H1N1), A (H3N2) және В тұмауы вирустарының белсенділігінің артуы байқалады.
21 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде шошқа тұмауы — H1N1 таралып жатқанын хабарлады.
фото: pixabay.com